Қарағандыда сақтандыру компаниясының қызметкері 3 млн теңге залал келтірді

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 4 шілде – Sputnik. Қарағандыда сақтандыру компаниясының қызметкері 3 миллион теңгені жалған өтінімдер арқылы аударған, деп хабарлады Polisia.kz.
Жыл басында Қарағанды қаласының ПБ орталық полиция бөліміне сақтандыру компанияларының бірінің өкілі жүгінген. Ол әлдекім қаржы мекемесіне шамамен 3 миллион теңге көлемінде залал келтіргенін хабарлады. Бұл сома жол апаты фактілері бойынша сақтандыру төлемі туралы жалған өтінімдер негізінде төленгені белгілі болды.
Полиция қызметкерлері бұл әрекетке деректер базасына кіре алатын осы сақтандыру компаниясының 24 жастағы қызметкері қатысқанын анықтады. Ол тергеу басталғанға дейін жұмыстан шығып, ізін суытып үлгерген.
20 маусымда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол алты эпизод бойынша кінәсін мойындады. Негізінен қаскүнем Ресей Федерациясы азаматтарының деректерін пайдаланған. Осылай жасаса, күдік туғызбаймын деп ойласа керек. Бірақ ол қателесті. Жалған өтініштер бойынша күдікті 355 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейінгі соманы алған.
Аталған факті бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Знак процента - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2022
Нұр-Сұлтанда банк қызметкері 19 адамға заңсыз кредит рәсімдеген
Жаңалықтар
0