https://sputnik.kz/20220425/nur-sultanda-bank-qyzmetkeri-19-adamga-zansyz-kredit-rasimdedi-24445404.html
Нұр-Сұлтанда банк қызметкері 19 адамға заңсыз кредит рәсімдеген
Нұр-Сұлтанда банк қызметкері 19 адамға заңсыз кредит рәсімдеген
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласындағы банктердің бірінде жұмыс істейтін жас жігіт 19 адамға заңсыз кредит рәсімдеген. Полиция қылмыстық іс... 25.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-25T16:40+0500
2022-04-25T16:40+0500
2022-04-25T16:46+0500
кредит
https://sputnik.kz/img/671/89/6718987_0:139:3151:1911_1920x0_80_0_0_3e90b651cc4832253d78be51ccd0cc77.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласындағы банктердің бірінде жұмыс істейтін жас жігіт 19 адамға заңсыз кредит рәсімдеген. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды polisia.kz.Құқық қорғау органдарына бірінші болып Қарағанды қаласының тұрғыны арызданды. Белгісіз біреу 50 жастағы әйелдің мойнына 2 миллион 100 мың теңгенің кредитін іліп кеткен. Тергеушілер несиенің астанадағы банктердің бірінде рәсімделгенін анықтады. Содан тәртіп сақшылары жәбірленушінің жеке мәліметтерін алуға мүмкіндігі бар адамды іздестіруге кіріскен.Сотқа дейінгі тергеу аясында жігіттің тағы тура сондай 18 қылмыс жасағаны анықталды. Олардың барлығы – басқа өңірлердің тұрғындары. Қазіргі кезде залалдың сомасы есептеліп жатыр.Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) тергеу шаралары басталды. Алаяқ үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін. Мүлкі тәркіленеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/671/89/6718987_209:0:2940:2048_1920x0_80_0_0_abd536f2f4f222fd73cd4dbc9d519613.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит
Нұр-Сұлтанда банк қызметкері 19 адамға заңсыз кредит рәсімдеген
16:40 25.04.2022 (жаңартылды: 16:46 25.04.2022) НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласындағы банктердің бірінде жұмыс істейтін жас жігіт 19 адамға заңсыз кредит рәсімдеген. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды
polisia.kz. Құқық қорғау органдарына бірінші болып Қарағанды қаласының тұрғыны арызданды. Белгісіз біреу 50 жастағы әйелдің мойнына 2 миллион 100 мың теңгенің кредитін іліп кеткен. Тергеушілер несиенің астанадағы банктердің бірінде рәсімделгенін анықтады. Содан тәртіп сақшылары жәбірленушінің жеке мәліметтерін алуға мүмкіндігі бар адамды іздестіруге кіріскен.
"20 сәуірде шұғыл іздестіру шаралары барысында криминалды полиция қызметкерлері 19 жастағы қала тұрғынын құрықтады. Ол заңсыз кредит рәсімделген қаржы ұйымының менеджері болып шықты", - дейді полицейлер.
Сотқа дейінгі тергеу аясында жігіттің тағы тура сондай 18 қылмыс жасағаны анықталды. Олардың барлығы – басқа өңірлердің тұрғындары. Қазіргі кезде залалдың сомасы есептеліп жатыр.
Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) тергеу шаралары басталды. Алаяқ үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін. Мүлкі тәркіленеді.