https://sputnik.kz/20220702/soltustik-qazaqstanda-bir-auyl-karantinge-zhabyldy-25899658.html
Солтүстік Қазақстанда бір ауыл карантинге жабылды
Солтүстік Қазақстанда бір ауыл карантинге жабылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 2 шілде – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында бір ауылда бруцеллезге байланысты карантин енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 02.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-02T13:15+0500
2022-07-02T13:15+0500
2022-07-02T13:15+0500
қоғам
бруцеллез
https://sputnik.kz/img/537/10/5371097_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_ee27bd7ae542e89627227c03ae8d6aff.jpg
АЛМАТЫ, 2 шілде – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында бір ауылда бруцеллезге байланысты карантин енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Солтүстік Қазақстан облысының ветеринария басқармасы карантин уақытша және міндетті шара екенін атап өтті."Бұл шаралардың мақсаты – адамдардың, басқа жануарлардың жұқтыруына, жайылымдар мен су қоймаларына түсуіне жол бермеу. Жоспарлы зерттеулер кезеңінде 17 ірі қара малдан бруцеллез анықталуы шектеу шараларын енгізуге негіз болды. Аталған шара 2015 жылғы 29 маусымдағы 7-1/587 ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың 1100 - тармағында көзделген", - деп түсіндірді ведомство.Шектеу кезеңінде ауыл шаруашылығы жануарларын бруцеллезден сауықтыруға бағытталған ұйымдастырушылық-шаруашылық және арнайы іс-шаралар жүргізіледі. Зертханалық зерттеулер кезінде екі рет теріс нәтиже шықса, карантин алынып тасталады.Бруцеллез – жануардан адамға берілетін жұқпалы ауру. Ол ауыр өтеді және адам ағзасының барлық мүшесін зақымдайды. Аурудың қоздырғышы – бруцелла микробтары. Адамдар ешкі, қой, сиыр, шошқа және иттердің бруцелласынан ауырады.Бруцеллез қоздырғыштары сүтпен, несеппен және амниотикалық сұйықтықпен бөлінеді. Әдетте ол адамға ауру жануардан немесе тамаққа қайнатылмаған сүт және сүттен дайындалған ірімшік, қаймақты пайдаланғанда жұғады. Бруцеллез адамнан адамға берілмейді, сондықтан оқшаулау қажет емес.2% жағдайда бруцеллез өлімге әкеп соғады. Жұқтырған адамдардың әлдеқайда көп пайызы мүгедек болып қалады.
https://sputnik.kz/20220523/qaragandy-oblysy-bes-adam-brutsellez-24984234.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/537/10/5371097_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_d5a50ba25390098dd04640e4073de5d3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бруцеллез
Солтүстік Қазақстанда бір ауыл карантинге жабылды
АЛМАТЫ, 2 шілде – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында бір ауылда бруцеллезге байланысты карантин енгізілді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежное ауылдық округі Шаховское ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез жұқтыруына байланысты шектеу шаралары белгіленсін. Осы шешімнің орындалуын өзім бақылаймын. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген нормативтік-құқықтық актілер сайтындағы Қызылжар ауданы Прибрежное ауылдық округі әкімінің қолы қойылған құжатта.
Солтүстік Қазақстан облысының ветеринария басқармасы карантин уақытша және міндетті шара екенін атап өтті.
"Бұл шаралардың мақсаты – адамдардың, басқа жануарлардың жұқтыруына, жайылымдар мен су қоймаларына түсуіне жол бермеу. Жоспарлы зерттеулер кезеңінде 17 ірі қара малдан бруцеллез анықталуы шектеу шараларын енгізуге негіз болды. Аталған шара 2015 жылғы 29 маусымдағы 7-1/587 ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың 1100 - тармағында көзделген", - деп түсіндірді ведомство.
Шектеу кезеңінде ауыл шаруашылығы жануарларын бруцеллезден сауықтыруға бағытталған ұйымдастырушылық-шаруашылық және арнайы іс-шаралар жүргізіледі. Зертханалық зерттеулер кезінде екі рет теріс нәтиже шықса, карантин алынып тасталады.
Бруцеллез – жануардан адамға берілетін жұқпалы ауру. Ол ауыр өтеді және адам ағзасының барлық мүшесін зақымдайды. Аурудың қоздырғышы – бруцелла микробтары. Адамдар ешкі, қой, сиыр, шошқа және иттердің бруцелласынан ауырады.
Бруцеллез қоздырғыштары сүтпен, несеппен және амниотикалық сұйықтықпен бөлінеді. Әдетте ол адамға ауру жануардан немесе тамаққа қайнатылмаған сүт және сүттен дайындалған ірімшік, қаймақты пайдаланғанда жұғады. Бруцеллез адамнан адамға берілмейді, сондықтан оқшаулау қажет емес.
2% жағдайда бруцеллез өлімге әкеп соғады. Жұқтырған адамдардың әлдеқайда көп пайызы мүгедек болып қалады.