Нұр-Сұлтанда Қауіпсіздік кеңесі комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті

© Sputnik / Абзал КалиевҚұжаттар
Құжаттар - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2022
Жазылу
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға алдын алу шараларын қабылдау бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді
НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым — Sputnik. Қорғаныс министрлігінде министр генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен әскери қауіпсіздік мәселелеріне арналған Қауіпсіздік кеңесінің ведомствоаралық комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті.
Президент тапсырмасына байланысты 2022 жылға арналған қару-жарақ, әскери техника мен оқ-дәрілерді сатып алуды жоспарлау, ұйымдастыру және әртараптандыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Бұдан өзге ведомствоаралық комиссияның мүшелеріне әскери жоспарлаудың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының іске асырылу барысы, сондай-ақ әлемдегі және өңірдегі геосаяси ахуалдың өзгерістерін ескере отырып, оларды реттеу мәселесі сөз болған.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға алдын алу шараларын қабылдау бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді. Олар қайта жарақтандыру қарқынын қолдауға, отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің өндірістік-технологиялық әлеуетін сақтауға, Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың кешенді және жүйелі дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
 Руслан Жаксылыков - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2022
Қорғаныс министрі сарбаздардың өлімі жайлы: бұған армия ғана кінәлі емес
Жаңалықтар
0