https://sputnik.kz/20220608/qorganys-ministri-sarbazdar-olimi-25397150.html
Қорғаныс министрі сарбаздардың өлімі жайлы: бұған армия ғана кінәлі емес
Қорғаныс министрі сарбаздардың өлімі жайлы: бұған армия ғана кінәлі емес
Sputnik Қазақстан
Ол әскери қызметшілердің өмірі үшін жауапкершілік командирлерге жүктелетінін атап өтті 08.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-08T12:54+0500
2022-06-08T12:54+0500
2022-06-08T12:54+0500
қорғаныс министрі
сарбаз
өлім
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0e/23491790_0:0:1620:912_1920x0_80_0_0_c2af438b018e68462321e2b606346f5b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған сарбаздар арасында неге өлім-жітім жиілеп кетті деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Ол әскери қызметшілердің өмірі үшін жауапкершілік командирлерге жүктелетінін атап өтті. "Бірақ адам әскерге азаматтық қоғамнан пісіп-жетіліп, өз проблемаларымен бізге келіп отыр. Біздің міндет – осы проблемаларды барынша жойып, оны әскери қызметтен өтуге бейімдеу. Өйткені армияның басты мақсаты – жас ұрпақты дайындау, оған жауынгерлік міндеттерді орындау үшін әскери-қолданбалы дағдыларды сіңіру, солай емес пе?", - дейді министр. Айтуынша, комиссия құрамына қарулы күштердің жетекші мамандары кірген. Сонымен қатар, білікті психологтар, әлеуметтанушылар тартылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0e/23491790_138:0:1578:1080_1920x0_80_0_0_2a81ae1e01a2c86bac97dde2ffc21d26.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қорғаныс министрі, сарбаз, өлім
қорғаныс министрі, сарбаз, өлім
Қорғаныс министрі сарбаздардың өлімі жайлы: бұған армия ғана кінәлі емес
Ол әскери қызметшілердің өмірі үшін жауапкершілік командирлерге жүктелетінін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған сарбаздар арасында неге өлім-жітім жиілеп кетті деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біріншіден, мұндай жағдайлар көп емес. Екіншіден, сіздер білесіздер, мемлекет басшысы әр жағдайды егжей-тегжей анықтауды тапсырды. Біз комиссия құрдық. Ең алдымен, біз мұның себебін түсінуіміз қажет: жастар неге өз-өзіне қол жұмсайды? Бұған тек армия ғана кінәлі емес қой", - деді Жақсылықов мәжіліс кулуарында.
Ол әскери қызметшілердің өмірі үшін жауапкершілік командирлерге жүктелетінін атап өтті.
"Бірақ адам әскерге азаматтық қоғамнан пісіп-жетіліп, өз проблемаларымен бізге келіп отыр. Біздің міндет – осы проблемаларды барынша жойып, оны әскери қызметтен өтуге бейімдеу. Өйткені армияның басты мақсаты – жас ұрпақты дайындау, оған жауынгерлік міндеттерді орындау үшін әскери-қолданбалы дағдыларды сіңіру, солай емес пе?", - дейді министр.
Айтуынша, комиссия құрамына қарулы күштердің жетекші мамандары кірген. Сонымен қатар, білікті психологтар, әлеуметтанушылар тартылды.