https://sputnik.kz/20220628/pavlodar-oblysynyn-akimi-qant-zauyty-25812729.html
Павлодар облысының әкімі қант зауытының құрылысы туралы айтты
Павлодар облысының әкімі қант зауытының құрылысы туралы айтты
Sputnik Қазақстан
Әкімнің айтуынша, жылдың аяғына дейін мемлекеттік сараптаманың оң нәтижесі алынады деген жоспар бар 28.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-28T17:27+0500
2022-06-28T17:27+0500
2022-06-28T17:27+0500
өңірлер
павлодар облысы
әкім
қант
зауыт
https://sputnik.kz/img/413/57/4135744_0:2:3071:1729_1920x0_80_0_0_2081dd8f06ff5ae99bc9621536dea327.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов қант зауытының құрылысы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Құрылысқа "Павлодар" әлеуметтік-экономикалық корпорациясы жауапты. Ол жерде қант қызылшасы ғана өңделеді деген жоспар бар. Облыс әкімінің сөзіне қарағанда, жобалық-сметалық құжаттардың алдын ала нұсқасы аяқталуға жақын. Оны мемлекеттік сараптамаға жібереді. "Жобалаушыға көп сын-ескертпе айтылды. Жүзге жуық ескертпе болды. Негізі, бұл жоба технологиялық тұрғыда өте қиын. Өкінішке қарай, осы салада құзыретіміз жоқ. Ол жерде тағы бір миллион тоннаға жуық қызылша өсіру жоспарланып отыр. Осылайша, 120 мың тоннаға дейін қант өндіруге мүмкіндік бар екен", - деді Сқақов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Әкімнің айтуынша, жылдың аяғына дейін мемлекеттік сараптаманың оң нәтижесі алынады деген жоспар бар. Содан кейін инвесторды тарту жұмысы басталады. "Әрине, құзыреті бар, технологиясы бар адамдар келуі керек. Сонда ғана осы жобаны іске асыруға болады. Бұл жылдам жүзеге асырылатын жоба емес. Бірақ әлеуметтік маңызы зор", - деп атап көрсетті Сқақов.
https://sputnik.kz/20220628/pavlodar-oblysy-akiminin-rezidentsiyasy-25811910.html
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/413/57/4135744_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_8b2a89683343845f10af7cccc65390f4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, әкім, қант, зауыт
павлодар облысы, әкім, қант, зауыт
Павлодар облысының әкімі қант зауытының құрылысы туралы айтты
Әкімнің айтуынша, жылдың аяғына дейін мемлекеттік сараптаманың оң нәтижесі алынады деген жоспар бар
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов қант зауытының құрылысы туралы айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Құрылысқа "Павлодар" әлеуметтік-экономикалық корпорациясы жауапты. Ол жерде қант қызылшасы ғана өңделеді деген жоспар бар. Облыс әкімінің сөзіне қарағанда, жобалық-сметалық құжаттардың алдын ала нұсқасы аяқталуға жақын. Оны мемлекеттік сараптамаға жібереді.
"Жобалаушыға көп сын-ескертпе айтылды. Жүзге жуық ескертпе болды. Негізі, бұл жоба технологиялық тұрғыда өте қиын. Өкінішке қарай, осы салада құзыретіміз жоқ. Ол жерде тағы бір миллион тоннаға жуық қызылша өсіру жоспарланып отыр. Осылайша, 120 мың тоннаға дейін қант өндіруге мүмкіндік бар екен", - деді Сқақов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Әкімнің айтуынша, жылдың аяғына дейін мемлекеттік сараптаманың оң нәтижесі алынады деген жоспар бар. Содан кейін инвесторды тарту жұмысы басталады.
"Әрине, құзыреті бар, технологиясы бар адамдар келуі керек. Сонда ғана осы жобаны іске асыруға болады. Бұл жылдам жүзеге асырылатын жоба емес. Бірақ әлеуметтік маңызы зор", - деп атап көрсетті Сқақов.