Өңірлер

Павлодар облысы әкімінің резиденциясы кімге сатылды

© Sputnik / Абзал КалиевАқша, теңге
Ақша, теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2022
Жазылу
Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметіне 2020 жылдың қаңтар айында тағайындалған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов мәртебелі меймандарды күтіп алуға арналған резиденцияның арзан бағаға сатылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер облыс әкімінің сатылған резиденциясы туралы сұрады. Оны 161 миллион теңгеге жеке меншікке сатып жіберген. Резиденция Жасыбай көлінің жағасында орналасқан.

"Ол шешім 2018 жылы қабылданған болатын. Құрылыс нысанын сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген. Мемлекеттік порталда аукцион да ұйымдастырылды. Иә, маған түскен ақпарат бойынша 161 миллион теңгеге сатылды. Бірақ мен өзім ол кезде болған жоқпын. Резиденцияға да барған емеспін", - дейді Сқақов.

Оның айтуынша, резиденцияны "Асфальтобетон" ЖШС сатып алған. Ал тілшілер резиденцияны сатып алу бойынша келісімшартты аяқтаған Нұрлан Дүйсенбинов туралы сұрады. Ол кезде Дүйсенбинов облыстық қаржы басқармасына жетекшілік етті. Қазір Ақсу қаласының әкімі қызметін атқарып жүр.
"Әрбір шенеунік өзі қол қойған кез келген құжатқа жауапты. Ол кезде Дүйсенбинов қаржы басқармасын басқарған және жеке өзі шешім қабылдамаған шығар. Хабарландару, аукцион болуға тиіс. Ал заң талаптара сақталмаса, құзіретті мемлекеттік органдар өз бағасын беруі керек", - деп атап көрсетті Сқақов.
Айта кетері, Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметіне 2020 жылдың қаңтар айында тағайындалған болатын. Оған дейін аймақты Болат Бақауов басқарды.
Жаңалықтар
0