Үндістандық екі студент Қазақстанның оңтүстігінде суға батып кетті

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2022
Жазылу
Қайғылы оқиға жексенбі, 26 маусымда Ақсу шатқалында болды
НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Түркістан облысында суға кеткен екі шетелдік студенттің денесін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі.
"2022 жылдың 26 маусымы күні сағат 20.10 -да Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне сағат 16.49-да Төле би ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылы туған 2 студенттің белгісіз жағдайда суға батып кеткені туралы ақпарат түсті", - делінген хабарламада.
21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген. Барлығы Үндістан Республикасының азаматы, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 19 қызметкер, 1 жүзу құралы және 4 техника, полиция департаментінен 10 қызметкер және 5 техникасы жұмылдырылды.
Көл - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2022
Оқиға
Ақмола облысында суға батып бара жатқан үш жасөспірім құтқарылды
Жаңалықтар
0