https://sputnik.kz/20220627/khalyqtyn-ulttyq-kompaniyalar-aktsiyalary-toqaev-25788978.html
Халықтың ұлттық компаниялардың акцияларын иеленуге мүмкіндігі болуға тиіс – Тоқаев
Халықтың ұлттық компаниялардың акцияларын иеленуге мүмкіндігі болуға тиіс – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы IPO-ға қатысу Қазақстанның барлық тұрғыны үшін қолжетімді болуы қажет екенін атап өтті 27.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-27T13:56+0500
2022-06-27T13:56+0500
2022-06-27T13:57+0500
экономика
қасым-жомарт тоқаев
акциялар
https://sputnik.kz/img/07e6/03/10/23574225_0:0:3073:1730_1920x0_80_0_0_47f7b9d23c42bcf6fa0db5bb53a04f6e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысында ұлттық компанияларды IPO-ға шығару жұмыстарын маңызды міндет ретінде атады.Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" АҚ мен оның ұлттық компанияларының рөлін мысалға келтірді.Сондай-ақ Тоқаев халықаралық жағдай құбылып тұрған кезде инвестициялық тұрақтылық пен болжамдылықты қамтамасыз етуге қабілетті сенімді қаржы көздерін іздеу өзекті болатынын айтты."Астана" халықаралық қаржы орталығы Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия аймағы үшін осындай міндетті атқаратын мекемелердің бірі саналады."Қазақстан нарықтық, еркін әрі бәсекелі экономиканы қарқынды ілгерілетуге бағытталған дамудың жаңа кезеңіне қадам басып отыр. Мұндай жағдайда шетелдік инвесторлар мен сауда серіктестерінің сенімін сақтап қалу және нығайту біздің басты басымдығымыз болып қала береді. Осыған байланысты АХҚО-ның әлеуеті инвестициялардың сенімділігі мен қауіпсіздігінің кепілі ретінде барынша пайдаланылуға тиіс", – деді президент.Мемлекет басшысы АХҚО-ның алдында жетекші қаржы орталығы ретінде өз мәртебесін институционалды тұрғыдан нығайту міндеті тұрғанын атап өтті. Осыған орай мемлекет басшысы бірқатар өзекті мәселеге назар аударды.Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев санкциялық мәселеге мән бере отырып, шетелдік компаниялардың АХҚО-ға тіркелу талабы барынша оңай әрі либералды болуға тиіс екеніне тоқталды. Президент АХҚО-ның шетелдік серіктестермен диалог жүргізуі қажет екенін атап өтті және қаржы реттеушілерімен тығыз ықпалдастық орнатудың маңыздылығын жеткізді. Осы ретте жалпы үйлестіру жұмыстары үкіметке жүктелді.Сондай-ақ Президент Орталықтың реттеушілік қызметі мен нормативтік-құқықтық базасы дербестігі мен тәуелсіздігін сақтап қалуы керек екенін айтты.
https://sputnik.kz/20220303/ulttyq-qor-kompaniyalar-ipo-23274131.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/10/23574225_205:0:2936:2048_1920x0_80_0_0_9bb91e8b9db08e7c5191c9101ebc8400.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, акциялар
қасым-жомарт тоқаев, акциялар
Халықтың ұлттық компаниялардың акцияларын иеленуге мүмкіндігі болуға тиіс – Тоқаев
13:56 27.06.2022 (жаңартылды: 13:57 27.06.2022) Мемлекет басшысы IPO-ға қатысу Қазақстанның барлық тұрғыны үшін қолжетімді болуы қажет екенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысында ұлттық компанияларды IPO-ға шығару жұмыстарын маңызды міндет ретінде атады.
Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" АҚ мен оның ұлттық компанияларының рөлін мысалға келтірді.
"Еліміздің қарапайым азаматтары Ұлттық компаниялардың акцияларын иеленуге және салымдарынан өз дивиденттерін алуға мүмкіндігі болуға тиіс. Дәл осындай жолмен халықтың инвестициялық мәдениеті қалыптасады. IPO-ға қатысу Қазақстанның барлық тұрғыны үшін қолжетімді болуы қажет. Ол үшін қағазбастылық пен бюрократияны болдырмайтын жаңа цифрлық шешімдер керек", – деді Тоқаев.
Сондай-ақ Тоқаев халықаралық жағдай құбылып тұрған кезде инвестициялық тұрақтылық пен болжамдылықты қамтамасыз етуге қабілетті сенімді қаржы көздерін іздеу өзекті болатынын айтты.
"Астана" халықаралық қаржы орталығы Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия аймағы үшін осындай міндетті атқаратын мекемелердің бірі саналады.
"Қазақстан нарықтық, еркін әрі бәсекелі экономиканы қарқынды ілгерілетуге бағытталған дамудың жаңа кезеңіне қадам басып отыр. Мұндай жағдайда шетелдік инвесторлар мен сауда серіктестерінің сенімін сақтап қалу және нығайту біздің басты басымдығымыз болып қала береді. Осыған байланысты АХҚО-ның әлеуеті инвестициялардың сенімділігі мен қауіпсіздігінің кепілі ретінде барынша пайдаланылуға тиіс", – деді президент.
Мемлекет басшысы АХҚО-ның алдында жетекші қаржы орталығы ретінде өз мәртебесін институционалды тұрғыдан нығайту міндеті тұрғанын атап өтті. Осыған орай мемлекет басшысы бірқатар өзекті мәселеге назар аударды.
Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев санкциялық мәселеге мән бере отырып, шетелдік компаниялардың АХҚО-ға тіркелу талабы барынша оңай әрі либералды болуға тиіс екеніне тоқталды. Президент АХҚО-ның шетелдік серіктестермен диалог жүргізуі қажет екенін атап өтті және қаржы реттеушілерімен тығыз ықпалдастық орнатудың маңыздылығын жеткізді. Осы ретте жалпы үйлестіру жұмыстары үкіметке жүктелді.
Сондай-ақ Президент Орталықтың реттеушілік қызметі мен нормативтік-құқықтық базасы дербестігі мен тәуелсіздігін сақтап қалуы керек екенін айтты.