Экономика

Ұлттық қорға 500 миллиард теңге түседі: қандай компаниялар IPO-ға шығарылады

Халықтық IPO - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2022
Жазылу
"Самұрық-Қазына" ұлттық компанияларды IPO-ға шығару арқылы Ұлттық қорға 500 миллиард теңге бөледі
НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. ҚазМұнайГаз" АҚ, "Эйр Астана" АҚ, "KEGOC" АҚ, "QazaqGaz" АҚ сияқты компаниялар IPO-ға шығарылады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында айтылды.
Жиында инвестициялық саясаттың жаңа тәсілдерін қалыптастыру мәселесі қарастырылды.
Инвестициялық саясат тұжырымдамасы аясында инвестициялық экожүйені одан әрі дамыту, жеке сектордың инвестициялық белсенділігінің артуына ықпал ету және баға белгілеудің жаһандық тізбегін терең интеграциялау жұмыстарын жүргізу қарастырылған.
"Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамын реформалау барысы жөнінде басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев есеп берді. Ол сатып алу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету, мұнай, газ өңдеу, көмір және электр қуатын өндіру мен олардың маркетингі нарығының қатысушылары үшін кедергілерді жою сияқты бағдарламаның негізгі басымдықтарын атап өтті. Сонымен бірге кадрлық саясат қайта қаралып, басқару персоналы оңтайландырылған.

"ҚазМұнайГаз" АҚ, "Эйр Астана" АҚ, "KEGOC" АҚ, "QazaqGaz" АҚ сияқты компаниялар IPO-ға шығарылады. Соның арқасында "Самұрық-Қазына" Ұлттық қорға 500 миллиард теңге бөле алады", - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Бағдарлама бойынша 8 миллиард АҚШ долларынан астам сапалы инвестиция тарту, жалпы құны 4 триллион теңгеге жаңадан 24 өндіріс орнын ашу және 5000 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде.
Әрбір портфельдік компания үшін қызметтің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірленіп, жеткізу бағдарлары оңтайландырылады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылданады. Мысалы, қор кәсіпорындарына электр қуатын жеткізу үдерісіне қатысатын 44 делдалмен арадағы шартты бұзу жоспарланып отыр.
Осы шаралардан кейін экономикалық тиімділік биылдың өзінде 2 миллиард теңгеден асады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2022
Экономика
Қатты пайдалы қазбалардың салығын 1,3 есе өсіру ұсынылып отыр – министр Қуантыров
Жаңалықтар
0