Экономика

Қатты пайдалы қазбалардың салығын 1,3 есе өсіру ұсынылып отыр – министр Қуантыров

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2022
Жазылу
Бұл бюджетке түсетін кірісті 300 миллиард теңгеге арттыруға мүмкіндік береді
НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Қазақстанда қатты пайдалы қазбалардың үш түріне салынатын салықтың мөлшерлемесін 1,3 есе өсіру қарастырылып жатыр. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, бюджетке түсетін қосымша кірістерді қамтамасыз ету мақсатымен қатты пайдалы қазбалардың үш түріне салынатын пайдалы қазбалар өндірісі салығының мөлшерлемесін орташа есеппен 1,3 есе өсіру ұсынылады. Бұл бюджетке түсетін кірісті 300 миллиард теңгеге арттыруға мүмкіндік береді.
"Министр капиталды сыртқа шығаруға жол бермеу, шетелдік компаниялардың табысына және цифрлық майнингке салық салу шараларын енгізуді ұсынды", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Бұдан бөлек мемлекеттік бюджетке түсетін қосымша кірістер трансферттік баға белгілеуді қадағалау шараларын, кеден мен салық бақылауын күшейтуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев баяндама қорытындысы бойынша үкіметке, инвесторлық қоғамдастықпен бірлесіп, халықаралық салық және трансферттік баға белгілеу мәселелерін мұқият пысықтауды тапсырды.
Жаңалықтар
0