Өңірлер

Петропавл әкімдігі Юрий Шатуновты еске алу шарасын өткізуге тыйым салды

© Sputnik / Елена Бережная Елена БЕРЕЖНАЯПетропавл әкімдігі
Петропавл әкімдігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2022
Жазылу
Жергілікті билік бұл шараға рұқсат берілмегенін алға тартты
НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Петропавлда әкімдік ресейлік әнші Юрий Шатуновты еске алуға арналған флешмоб өткізуге тыйым салды.
23 маусымда "Ласковый май" тобының әншісі Юрий Шатунов қайтыс болды. Әлеуметтік желідегі жергілікті пабликтерде әншіні еске алуға шақырған үндеулер жарияланды.
Хабарламаларда осы жиынға арналған бірнеше орын көрсетілген. Алайда қала әкімдігі бұл шараға тыйым салды.
"Құрметті қала тұрғындары, Интернациональная мен Бөкетов көшелерінің арасында Юрий Шатуновты еске алуға арналған шара өткізілмейді. Флешмоб өткізуге рұқсат берілмеген. Тек ресми ақпаратқа сенулеріңізді сұраймыз", - деп жазылған әкімдік таратқан хабарламада.
Юрий Шатунов 23 маусымда Подмосковьеде инфарктіден қайтыс болды. Бүгін Ресейде әншіні ақтақ сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр.
Юрий Шатунов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2022
Юрий Шатунов қайтыс болды
Жаңалықтар
0