Юрий Шатунов қайтыс болды

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуЮрий Шатунов
Юрий Шатунов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Ресейлік танымал әнші, "Ласковый май" тобының солисі Юрий Шатунов дүниеден озды. Бұл туралы РИА Новостиге музыканттың өкілі хабарлады.
"Бүгін түнде жедел жәрдем көлігінде Юра Шатуновтың жүрегі тоқтады", - деді ол.
Әнші 48 жаста еді.
Юрий Шатунов 1973 жылы 6 қыркүйекте Кумертау қаласында (Башқұрт КСРО) дүниеге келген. "Ласковый май" тобын құрып, оның құрамында 1988-1992 жылдары өнер көрсетті. Танымал әндері: "Белые розы", "Седая ночь", "Все напрасно", "Звездная ночь", "И упав на колени", "Клянусь", "Забудь", "Детство", "Мама", "Не бойся", "Майский вечер", "После выпускного".
Жаңалықтар
0