https://sputnik.kz/20220624/aqtobe-qarzhy-piramidasy-25736535.html
Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрғандар ұзақ мерзімге сотталды
Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрғандар ұзақ мерзімге сотталды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Ақтөбеде "Голд" қаржы пирамидасын құрып, жүздеген тұрғынды тақырға отырғызған 3 адам сотталды. 24.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-24T13:44+0500
2022-06-24T13:44+0500
2022-06-24T13:44+0500
ақтөбе облысы
қаржы пирамидасы
https://sputnik.kz/img/1255/65/12556541_0:0:2048:1152_1920x0_80_0_0_1ee5aa0b121627f9c7f14f227c185f45.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Ақтөбеде "Голд" қаржы пирамидасын құрып, жүздеген тұрғынды тақырға отырғызған 3 адам сотталды.Ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Ресей азаматы 12 жылға бас бостандығынан айрылды "Астана ТВ" телеарнасы.Қаржы пирамидасынан зардап шеккендер саны көп болып, тергеу ісі екі жылға созылған.Сот материалы бойынша Ресей азаматы Ақтөбе, Шымкент, Атырау, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында кеңсе ашып, екі айдай уақыт жұмыс істеген. Ел бойынша 10 мыңға жуық салымшы компанияның бірнеше айдан кейін бастапқы салымнан екі-үш есе көп ақша қайтарамыз деген жарнамасына сеніп, ең азы 300 мың теңгеден санап берген. Сөйтіп, жұрт бұл компанияға 10 миллиард 45 миллион теңге қаржы салған.Пирамида құрғандар 2020 жылдың ақпанында қолға түсті. Екеуі – Ресей азаматы, үшіншісі- Ақтөбе тұрғыны. Олар жәбірленушілердің 8 миллиард теңгеге жуық ақшасын қайтарып берді. Қалғанын өтеуге тиіс, дейді сот өкілі."Сот үкімімен сотталушылар қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, Литвиненкоға 12 жыл, Москвинге 9 жыл, Қазыбаевқа 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар барлық сотталушы 7 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарында басшы лауазымдарды атқару құқығынан айырылды", - дейді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Гүлжанар Отарбаева.Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20220618/tanymal-vaynerler-qamauda-ustau-merzimi-25622809.html
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1255/65/12556541_256:0:1792:1152_1920x0_80_0_0_d2ac6463ab1011666a9031605402389c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, қаржы пирамидасы
ақтөбе облысы, қаржы пирамидасы
Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрғандар ұзақ мерзімге сотталды
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Ақтөбеде "Голд" қаржы пирамидасын құрып, жүздеген тұрғынды тақырға отырғызған 3 адам сотталды.
Ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Ресей азаматы 12 жылға бас бостандығынан айрылды "
Астана ТВ" телеарнасы.
Қаржы пирамидасынан зардап шеккендер саны көп болып, тергеу ісі екі жылға созылған.
Сот материалы бойынша Ресей азаматы Ақтөбе, Шымкент, Атырау, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында кеңсе ашып, екі айдай уақыт жұмыс істеген. Ел бойынша 10 мыңға жуық салымшы компанияның бірнеше айдан кейін бастапқы салымнан екі-үш есе көп ақша қайтарамыз деген жарнамасына сеніп, ең азы 300 мың теңгеден санап берген. Сөйтіп, жұрт бұл компанияға 10 миллиард 45 миллион теңге қаржы салған.
Пирамида құрғандар 2020 жылдың ақпанында қолға түсті. Екеуі – Ресей азаматы, үшіншісі- Ақтөбе тұрғыны. Олар жәбірленушілердің 8 миллиард теңгеге жуық ақшасын қайтарып берді. Қалғанын өтеуге тиіс, дейді сот өкілі.
"Сот үкімімен сотталушылар қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, Литвиненкоға 12 жыл, Москвинге 9 жыл, Қазыбаевқа 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар барлық сотталушы 7 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарында басшы лауазымдарды атқару құқығынан айырылды", - дейді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Гүлжанар Отарбаева.
Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.