Қоғам

Танымал вайнерлерді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

© Photo : Facebook / Мейржан ТуребаевМейіржан Төребаев
Мейіржан Төребаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алматының тергеу соты вайнерлерді қамауда ұстау мерзімін іс материалдарымен танысу үшін тағы екі айға дейін ұзартты.
Төребаев пен Шерниязов 20 сәуірден бері қамауда отыр. Олар Mudarabah Capital қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген.
© Photo : Facebook (запрещено в РФ) / Мейржан Туребаев, Instagram (запрещено в РФ) /make_sakevichМейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов
Мейржан Туребаев и Мейирхан Шерниязов - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2022
Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов
Еске салсақ, Mudarabah capital қаржы пирамидасына қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам ұсталды. Олардың ішінде танымал блогерлер де бар. Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауға алынды, бұған дейін олар кепілмен босатылған болатын.
Ал Азимжан Саидбаев шетелге қашып кеткен. Қазір оны іздестіріп жатыр.
Қаржы пирамидасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2022
Қоғам
Қаржы пирамидасын жарнамалағандар қылмыстық жазаға тартылады - заң жобасы
Жаңалықтар
0