Сауда министрі қант бағасы туралы: қаласаң да, қаламасаң да өседі

© Sputnik / Владислав ВодневБақыт Сұлтанов
Бақыт Сұлтанов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2022
Жазылу
Тауардың алты түрі бойынша импортқа тәуелділік бар, дейді Бақыт Сұлтанов
НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Вице-премьер, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түліктің қымбаттауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, Қазақстанда негізгі азық-түлік тауарлары бойынша тапшылық жоқ. Тек тауардың алты түрі бойынша импортқа тәуелділік бар. Мұны төмендету үшін арнайы бағдарлама қолға алынған.
Ол сыртқы нарықта баға өскендіктен, ішкі нарықта да азық-түлік қымбаттайтынын айтты.
"Мысалы, қант бойынша бізде импортқа тәуелділік бар. Қаласаң да, қаламасаң да қант бағасы көтеріле береді. Өйткені биржалық баға бүкіл әлемде өсіп жатыр. Қантты біз Ресейден жеткізіп келгенімізді білесіздер. Көрші ел тауар жеткізуді шектегеннен кейін, логистика да қымбатқа түседі. Доллар да, еуро да өсіп жатыр", - деді Сұлтанов үкімет кулуарында.
Ол бірқатар бағыт бойынша ӘКК және тұрақтандыру қорлары тарапынан жұмыс жүргізілетінін атап өтті. Бірқатар тауар түрі бойынша айналма схемалар арқылы тұрақтандырылады. Яғни желілер қаржыландырылады және бағаны ұстап тұру үшін алдын ала форвардтық келісімшарттармен қамтамасыз етіледі.
Сахар - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2022
Қант бағасы бұлай өсе берсе, ел арасында үлкен дау-дамай болады – депутат
Жаңалықтар
0