https://sputnik.kz/20220622/qant-bagasy-deputat-25699977.html
Қант бағасы бұлай өсе берсе, ел арасында үлкен дау-дамай болады – депутат
Қант бағасы бұлай өсе берсе, ел арасында үлкен дау-дамай болады – депутат
Депутаттар отандық тасмалдаушы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қант тасымалдау мерзімін 6 айға дейін ұзартуды ұсынды 22.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-22T15:46+0600
2022-06-22T15:46+0600
2022-06-22T15:47+0600
қант
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1f/25192670_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_11013da833a0c7dff45a1f90c0c2a3c0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Мәжіліс депутаты Фахреддин Қаратаев елдегі қант тапшылығын шешу жолын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Айтуынша, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы 7 маусымдағы жағдай бойынша елде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік 19,9%-ке қымбаттаған. Оның ішінде жыл басынан бергі кезеңде қант бағасы 61%-ке өсіп отыр. Айтуынша, бүгінде республиканың қантқа жылдық қажеттілігі орта есеппен 550-600 мың тоннаны құрайды. Бұл ай сайын орта есеппен 45 мың тонна. Ал өз елімізде қанттың тек 10 пайызы ғана өнідіріледі, қалғаны импортталады. "Мемлекет тарапынан берілген тарифтік жеңілдік бойынша 350 мың тонна қант әкелінеді. Дегенмен де, жеңілдік бойынша шет елден қантты тасмалдайтын кәсіпкерлерге елге алып келуге 4 ай беріліп отыр. Бұл ол өте аз мерзім. Өйткені әлемдегі экономикалық түрлі санкцияларға байланысты барлық логистика бойынша порттар және тағы басқа көліктер бос емес. Оның үстіне еліміздегі банктердің шет елмен жұмыс істеу үшін қаржы операциялары ұзаққа созылуда", - деді мәжілісмен. Осыған орай, депутаттар отандық тасмалдаушы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қант тасымалдау мерзімін 6 айға дейін ұзартуды ұсынды. Сонымен қатар, қанттың жылдық қажеттілігін ескеріп, тарифтік жеңілдікті 550-600 мың тоннаға дейін арттыруды орынды деп санайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1f/25192670_55:0:1192:853_1920x0_80_0_0_99b29ac2af86e49867408a464c40c966.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
қант
Қант бағасы бұлай өсе берсе, ел арасында үлкен дау-дамай болады – депутат
15:46 22.06.2022 (жаңартылды: 15:47 22.06.2022) Депутаттар отандық тасмалдаушы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қант тасымалдау мерзімін 6 айға дейін ұзартуды ұсынды
НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Мәжіліс депутаты Фахреддин Қаратаев елдегі қант тапшылығын шешу жолын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы 7 маусымдағы жағдай бойынша елде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік 19,9%-ке қымбаттаған. Оның ішінде жыл басынан бергі кезеңде қант бағасы 61%-ке өсіп отыр.
"Осыдан төрт ай бұрын басталған қант мәселесі халық арасында әлі дүрбелең тудырып отыр. Өйткені қант бағасы шарықтап, 1 келісі 600-900 теңге аралығында сатылуда. Оның үстіне қант тапшы, кез келген дүкеннен таба алмайсыз, тек белгілі бір сауда орындарында ғана сатылып жатыр. Осының салдарынан қант тұтынатын отандық өнім өндіретін кондитерлік шағын кәсіпкерлерді айтпағанда, ірі кәсіпкерлердің өзі жабылуда. Мұндай әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бұдан әрі өсе берсе, ел арасында үлкен дау-дамайға айналуы мүмкін", - деді Қаратаев премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында.
Айтуынша, бүгінде республиканың қантқа жылдық қажеттілігі орта есеппен 550-600 мың тоннаны құрайды. Бұл ай сайын орта есеппен 45 мың тонна. Ал өз елімізде қанттың тек 10 пайызы ғана өнідіріледі, қалғаны импортталады.
"Мемлекет тарапынан берілген тарифтік жеңілдік бойынша 350 мың тонна қант әкелінеді. Дегенмен де, жеңілдік бойынша шет елден қантты тасмалдайтын кәсіпкерлерге елге алып келуге 4 ай беріліп отыр. Бұл ол өте аз мерзім. Өйткені әлемдегі экономикалық түрлі санкцияларға байланысты барлық логистика бойынша порттар және тағы басқа көліктер бос емес. Оның үстіне еліміздегі банктердің шет елмен жұмыс істеу үшін қаржы операциялары ұзаққа созылуда", - деді мәжілісмен.
Осыған орай, депутаттар отандық тасмалдаушы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қант тасымалдау мерзімін 6 айға дейін ұзартуды ұсынды.
Сонымен қатар, қанттың жылдық қажеттілігін ескеріп, тарифтік жеңілдікті 550-600 мың тоннаға дейін арттыруды орынды деп санайды.