Бірнеше өңірде 150-ге жуық рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуҚоқыс
Қоқыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2022
Жазылу
Ғарыш Сапары космомониторингі арқылы жыл басынан бері 2000-ға жуық қоқыс орны анықталды
НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым — Sputnik. Экология министрлігінің мәліметінше, рұқсат етілмеген қоқыстар – бұл халықтың 60 процентін және мемлекеттік құрылымдарды алаңдататын мәселе.
Мұндай үйінділермен күресу үшін экология министрлігі ішкі істер министрлігімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қоқыс тастайтын үйінділерді жою бойынша үшжақты іс-шаралар жоспарын әзірледі.
Жоспар аясында Қазақстанның бірқатар өңірінде қалдықтарды заңсыз шашу орындарын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өтті. Мамыр айында Атырау, Қызылорда, Ақмола, Алматы, Батыс және Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкентте 31 рейд өтті.
Нәтижесінде 150-ге жуық рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды. 14 факті бойынша кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 153 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Рұқсатсыз қоқыс үйінділерін анықтау жөніндегі шаралар жалғасады.
Инсталляция Hypernova на Неделе дизайна в Милане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2022
Фото
Қоқыс толы қайық пен пластик лабиринт: Миланда Дизайн апталығы өтті – фото
Жаңалықтар
0