Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Қоқыс толы қайық пен пластик лабиринт: Миланда Дизайн апталығы өтті – фото

Жазылу
Миландағы дизайн апталығы көрме павильондарынан теңіз жағалауларына дейінгі аумақты қамтыды және қаланың әр ауданында 250-ден астам қатысушының белсенділігімен 160-тан астам әртүрлі іс-шара өтті
Дизайн саласында бұл іс-шара ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады.
Оның тарихы да бай. Алғаш рет Милан дизайн апталығы 1961 жылы өткен. Дәл осы апталық аясындағы көрмелерде жиһаз және интерьер сәні қалыптасып, алдағы жылдары жиһаз нарығының даму қарқыны анықталады.
Көрмеге интерьер дизайны саласындағы соңғы сән трендтерін көрсететін әлемдік жиһаз индустриясының көшбасшылары ғана қатысады. Негізгі экспозициялар Fiera Milano бас көрме орталығына орналастырылды.
Миландағы көрме өзінің жарты ғасырдан астам тарихында жиһаз өндірушілер, импорттаушылар мен дизайнерлер үшін тұрғын үй және қоғамдық кеңістіктерді сәндеу саласындағы жылдың ең маңызды оқиғасына айналды. Мұндай танымалдылыққа итальян жиһазының мінсіз сапасын ғана емес, сонымен қатар экспозициялардың креативті сипатта орындалуы да себеп.
© AP Photo / Antonio Calanni

Миландағы Design Fair көрмесі аясында Philipp жиһаз дизайнерлері дайындаған диван үстінде модель отыр.

Миландағы Design Fair көрмесі аясында Philipp жиһаз дизайнерлері дайындаған диван үстінде модель отыр. - Sputnik Қазақстан
1/15

Миландағы Design Fair көрмесі аясында Philipp жиһаз дизайнерлері дайындаған диван үстінде модель отыр.

© AFP 2024 / Miguel Medina

Көрмеге келушілер италян дизайнер Сара Риккардидің Hypernova инсталляциясын тамашалап тұр.

Көрмеге келушілер италян дизайнер Сара Риккардидің Hypernova инсталляциясын тамашалап тұр. - Sputnik Қазақстан
2/15

Көрмеге келушілер италян дизайнер Сара Риккардидің Hypernova инсталляциясын тамашалап тұр.

© AP Photo / Antonio Calanni

Адамдар Миландағы Design Fair көрмесі аясында жиһаз дизайнерлерінің қолынан шыққан дүниелерді қарап жатыр.

Адамдар Миландағы Design Fair көрмесі аясында жиһаз дизайнерлерінің қолынан шыққан дүниелерді қарап жатыр. - Sputnik Қазақстан
3/15

Адамдар Миландағы Design Fair көрмесі аясында жиһаз дизайнерлерінің қолынан шыққан дүниелерді қарап жатыр.

© AFP 2024 / Miguel Medina

Көрмеге келушілер Fuorisalone 2022 дизайнерлік іс-шарасында Альберто Калири Missoni брендімен бірлесіп дайындаған Mega-Verso алып жұмсақ орындықтарына жайғасты.

Көрмеге келушілер Fuorisalone 2022 дизайнерлік іс-шарасында Альберто Калири Missoni брендімен бірлесіп дайындаған Mega-Verso алып жұмсақ орындықтарына жайғасты. - Sputnik Қазақстан
4/15

Көрмеге келушілер Fuorisalone 2022 дизайнерлік іс-шарасында Альберто Калири Missoni брендімен бірлесіп дайындаған Mega-Verso алып жұмсақ орындықтарына жайғасты.

© AP Photo / Antonio Calanni

Ер адам Миландағы Design Fair көрмесі аясында Oto жиһаз дизайнерлері дайындаған орындықта отырған әйелді суретке түсіріп тұр.

Ер адам Миландағы Design Fair көрмесі аясында Oto жиһаз дизайнерлері дайындаған орындықта отырған әйелді суретке түсіріп тұр. - Sputnik Қазақстан
5/15

Ер адам Миландағы Design Fair көрмесі аясында Oto жиһаз дизайнерлері дайындаған орындықта отырған әйелді суретке түсіріп тұр.

© AFP 2024 / Miguel Medina

Көрмеге келген әйел италян карикатурист Мило Манара дизайнын тамашалап тұр.

Көрмеге келген әйел италян карикатурист Мило Манара дизайнын тамашалап тұр. - Sputnik Қазақстан
6/15

Көрмеге келген әйел италян карикатурист Мило Манара дизайнын тамашалап тұр.

© AFP 2024 / Miguel Medina

Көрермендер Talent Thai Project жобаларымен танысып жүр.

Көрермендер Talent Thai Project жобаларымен танысып жүр. - Sputnik Қазақстан
7/15

Көрермендер Talent Thai Project жобаларымен танысып жүр.

© AFP 2024 / Miguel Medina

Бұл – француз дизайнері Филипп Старк Dior үшін дайындаған Medallion "Мисс Диор" орындықтары. Орындықтар Миланда Salone del Mobile жиһаз жәрмеңкесі ашылу қарсаңында Dior by Starck көрмесі аясында көрерменге таныстырылды.

Бұл – француз дизайнері Филипп Старк Dior үшін дайындаған Medallion "Мисс Диор" орындықтары. Орындықтар Миланда Salone del Mobile жиһаз жәрмеңкесі ашылу қарсаңында Dior by Starck көрмесі аясында көрерменге таныстырылды. - Sputnik Қазақстан
8/15

Бұл – француз дизайнері Филипп Старк Dior үшін дайындаған Medallion "Мисс Диор" орындықтары. Орындықтар Миланда Salone del Mobile жиһаз жәрмеңкесі ашылу қарсаңында Dior by Starck көрмесі аясында көрерменге таныстырылды.

© AFP 2024 / Miguel Medina

Америкалық дизайнер Герман Барнс Lexus үшін дайындаған каркасты инсталляция да көрермен назарына ұсынылды.

Америкалық дизайнер Герман Барнс Lexus үшін  дайындаған каркасты инсталляция да көрермен назарына ұсынылды. - Sputnik Қазақстан
9/15

Америкалық дизайнер Герман Барнс Lexus үшін дайындаған каркасты инсталляция да көрермен назарына ұсынылды.

© AFP 2024 / Miguel Medina

"Echinoidea – биофильді павильон" жобасын Джакомо Гарциано - Rubner Haus-пен бірге GG-Loop дайындаған. Теңіз кірпілерінің сыртқы пішіні шабыт берген бұл туынды Fuorisalone 2022 дизайн апталығында таныстырылды.

"Echinoidea – биофильді павильон" жобасын Джакомо Гарциано - Rubner Haus-пен бірге GG-Loop дайындаған. Теңіз кірпілерінің сыртқы пішіні шабыт берген бұл туынды Fuorisalone 2022 дизайн апталығында таныстырылды. - Sputnik Қазақстан
10/15

"Echinoidea – биофильді павильон" жобасын Джакомо Гарциано - Rubner Haus-пен бірге GG-Loop дайындаған. Теңіз кірпілерінің сыртқы пішіні шабыт берген бұл туынды Fuorisalone 2022 дизайн апталығында таныстырылды.

© AFP 2024 / Miguel Medina

Көрмеге келген ер адам Klak Design инсталляциясын тамашалап тұр.

Көрмеге келген ер адам Klak Design инсталляциясын тамашалап тұр. - Sputnik Қазақстан
11/15

Көрмеге келген ер адам Klak Design инсталляциясын тамашалап тұр.

© AFP 2024 / Miguel Medina

Көрмеге келушілер декоративті жарықтандыру бойынша чех маманы Preciosa Lighting-тың "Кристалдағы композиция" атты жарық әрі дыбыстық инсталляциясын тамашалап тұр.

Көрмеге келушілер декоративті жарықтандыру бойынша чех маманы Preciosa Lighting-тың "Кристалдағы композиция" атты жарық әрі дыбыстық инсталляциясын тамашалап тұр. - Sputnik Қазақстан
12/15

Көрмеге келушілер декоративті жарықтандыру бойынша чех маманы Preciosa Lighting-тың "Кристалдағы композиция" атты жарық әрі дыбыстық инсталляциясын тамашалап тұр.

© AFP 2024 / Miguel Medina

Көрмеге келген әйел Ever in Art брендімен бірлесіп Марко Нерео Ротелли жобалаған "Таза су беріңіз, өтінемін" атты инсталляция жанынан өтіп барады. Бұл инсталляция Венеция шағын мүйісінің тереңінен алынған және көк түске боялған қалдыққа толы бір ескекті қайық түрінде орындалған.

Көрмеге келген әйел Ever in Art брендімен бірлесіп Марко Нерео Ротелли жобалаған "Таза су беріңіз, өтінемін" атты инсталляция жанынан өтіп барады. Бұл инсталляция Венеция шағын мүйісінің тереңінен алынған және көк түске боялған қалдыққа толы бір ескекті қайық түрінде орындалған. - Sputnik Қазақстан
13/15

Көрмеге келген әйел Ever in Art брендімен бірлесіп Марко Нерео Ротелли жобалаған "Таза су беріңіз, өтінемін" атты инсталляция жанынан өтіп барады. Бұл инсталляция Венеция шағын мүйісінің тереңінен алынған және көк түске боялған қалдыққа толы бір ескекті қайық түрінде орындалған.

© AFP 2024 / Miguel Medina

Fuorisalone 2022 іс-шарасында көрермен назарына ұсынылған Stilnovo дизайнерлік компаниясының жиһазы.

Fuorisalone 2022 іс-шарасында көрермен  назарына ұсынылған Stilnovo дизайнерлік компаниясының жиһазы. - Sputnik Қазақстан
14/15

Fuorisalone 2022 іс-шарасында көрермен назарына ұсынылған Stilnovo дизайнерлік компаниясының жиһазы.

© AP Photo / Antonio Calanni

Латвиядағы көркемөнер академиясынан келген әйел Миландағы Design Fair көрмесі аясында шұлық жамап отыр.

Латвиядағы көркемөнер академиясынан келген әйел Миландағы Design Fair көрмесі аясында шұлық жамап отыр. - Sputnik Қазақстан
15/15

Латвиядағы көркемөнер академиясынан келген әйел Миландағы Design Fair көрмесі аясында шұлық жамап отыр.

Жаңалықтар
0