Қоқыс толы қайық пен пластик лабиринт: Миланда Дизайн апталығы өтті – фото
Қоқыс толы қайық пен пластик лабиринт: Миланда Дизайн апталығы өтті – фото
Sputnik Қазақстан
Миландағы дизайн апталығы көрме павильондарынан теңіз жағалауларына дейінгі аумақты қамтыды және қаланың әр ауданында 250-ден астам қатысушының белсенділігімен... 16.06.2022, Sputnik Қазақстан
Дизайн саласында бұл іс-шара ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады.Оның тарихы да бай. Алғаш рет Милан дизайн апталығы 1961 жылы өткен. Дәл осы апталық аясындағы көрмелерде жиһаз және интерьер сәні қалыптасып, алдағы жылдары жиһаз нарығының даму қарқыны анықталады.Көрмеге интерьер дизайны саласындағы соңғы сән трендтерін көрсететін әлемдік жиһаз индустриясының көшбасшылары ғана қатысады. Негізгі экспозициялар Fiera Milano бас көрме орталығына орналастырылды.Миландағы көрме өзінің жарты ғасырдан астам тарихында жиһаз өндірушілер, импорттаушылар мен дизайнерлер үшін тұрғын үй және қоғамдық кеңістіктерді сәндеу саласындағы жылдың ең маңызды оқиғасына айналды. Мұндай танымалдылыққа итальян жиһазының мінсіз сапасын ғана емес, сонымен қатар экспозициялардың креативті сипатта орындалуы да себеп.
Миландағы дизайн апталығы көрме павильондарынан теңіз жағалауларына дейінгі аумақты қамтыды және қаланың әр ауданында 250-ден астам қатысушының белсенділігімен 160-тан астам әртүрлі іс-шара өтті
Дизайн саласында бұл іс-шара ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады.
Оның тарихы да бай. Алғаш рет Милан дизайн апталығы 1961 жылы өткен. Дәл осы апталық аясындағы көрмелерде жиһаз және интерьер сәні қалыптасып, алдағы жылдары жиһаз нарығының даму қарқыны анықталады.
Көрмеге интерьер дизайны саласындағы соңғы сән трендтерін көрсететін әлемдік жиһаз индустриясының көшбасшылары ғана қатысады. Негізгі экспозициялар Fiera Milano бас көрме орталығына орналастырылды.
Миландағы көрме өзінің жарты ғасырдан астам тарихында жиһаз өндірушілер, импорттаушылар мен дизайнерлер үшін тұрғын үй және қоғамдық кеңістіктерді сәндеу саласындағы жылдың ең маңызды оқиғасына айналды. Мұндай танымалдылыққа итальян жиһазының мінсіз сапасын ғана емес, сонымен қатар экспозициялардың креативті сипатта орындалуы да себеп.
Бұл – француз дизайнері Филипп Старк Dior үшін дайындаған Medallion "Мисс Диор" орындықтары. Орындықтар Миланда Salone del Mobile жиһаз жәрмеңкесі ашылу қарсаңында Dior by Starck көрмесі аясында көрерменге таныстырылды.
"Echinoidea – биофильді павильон" жобасын Джакомо Гарциано - Rubner Haus-пен бірге GG-Loop дайындаған. Теңіз кірпілерінің сыртқы пішіні шабыт берген бұл туынды Fuorisalone 2022 дизайн апталығында таныстырылды.
Көрмеге келушілер декоративті жарықтандыру бойынша чех маманы Preciosa Lighting-тың "Кристалдағы композиция" атты жарық әрі дыбыстық инсталляциясын тамашалап тұр.
Көрмеге келген әйел Ever in Art брендімен бірлесіп Марко Нерео Ротелли жобалаған "Таза су беріңіз, өтінемін" атты инсталляция жанынан өтіп барады. Бұл инсталляция Венеция шағын мүйісінің тереңінен алынған және көк түске боялған қалдыққа толы бір ескекті қайық түрінде орындалған.