https://sputnik.kz/20220622/qazaqstan-khalqyna-qory-25688487.html
"Қазақстан халқына" қоры кеңесінің төрағасы ауысты
"Қазақстан халқына" қоры кеңесінің төрағасы ауысты
Sputnik Қазақстан
Пя "Қазақстан халқына" қорының қамқоршылық кеңесінің құрамында қалады 22.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-22T10:04+0500
2022-06-22T10:04+0500
2022-06-22T10:04+0500
қоғам
қазақстан
халық
басшы
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0a/25456143_0:15:3587:2033_1920x0_80_0_0_48a1492d5fe89555074ac3a4c66bce59.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. "Қазақстан халқына" қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы ауысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ресми мәліметке сәйкес, қамқоршылық кеңесінің төрағасы Юрий Пя жұмыстың көп болуына байланысты төрағаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш білдірді. Қазіргі кезде танымал дәрігер University Medical Center корпоративтік қорын басқарады. "Юрий Владимирович - Қазақстан Еңбек Ері, ең күрделі, жоғары технологиялық кардиохирургиялық операцияларды өз жетекшілігімен жүзеге асырып жүрген әлемге әйгілі кардиохирург. Бұл қызмет күн сайынғы тынымсыз еңбекті талап етеді. Ол көп уақытын білікті мамандарды даярлауға бағыттайды", - делінген ресми хабарламада. Пя "Қазақстан халқына" қорының қамқоршылық кеңесінің құрамында қалады және стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға көмектеседі. Кеңес төрағасы қызметіне қоғам қайраткері, "Атамекен" ҰКП кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Қайырбек Сүлейменов сайланды.Ал медицина ғылымдарының кандидаты, денсаулық сақтау ісінің үздігі Зәуреш Аманжолова төрағаның орынбасары болады.
https://sputnik.kz/20220209/bolat-nazarbaev-qazaqstan-khalqy-22654970.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0a/25456143_257:0:2988:2048_1920x0_80_0_0_66f4a3acf6536b645b6df20f41e78e15.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, халық, басшы
"Қазақстан халқына" қоры кеңесінің төрағасы ауысты
Пя "Қазақстан халқына" қорының қамқоршылық кеңесінің құрамында қалады
НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. "Қазақстан халқына" қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы ауысты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, қамқоршылық кеңесінің төрағасы Юрий Пя жұмыстың көп болуына байланысты төрағаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш білдірді. Қазіргі кезде танымал дәрігер University Medical Center корпоративтік қорын басқарады.
"Юрий Владимирович - Қазақстан Еңбек Ері, ең күрделі, жоғары технологиялық кардиохирургиялық операцияларды өз жетекшілігімен жүзеге асырып жүрген әлемге әйгілі кардиохирург. Бұл қызмет күн сайынғы тынымсыз еңбекті талап етеді. Ол көп уақытын білікті мамандарды даярлауға бағыттайды", - делінген ресми хабарламада.
Пя "Қазақстан халқына" қорының қамқоршылық кеңесінің құрамында қалады және стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға көмектеседі.
Кеңес төрағасы қызметіне қоғам қайраткері, "Атамекен" ҰКП кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Қайырбек Сүлейменов сайланды.
Ал медицина ғылымдарының кандидаты, денсаулық сақтау ісінің үздігі Зәуреш Аманжолова төрағаның орынбасары болады.