Қоғам

Болат Назарбаевтың қоры "Қазақстан халқына" 1 млрд теңге аударды

Болат Назарбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2022
Жазылу
"Қазақстан халқына" қорының басшысы Болат Жәмішевтің есебіне сәйкес, 150 миллиард теңгеге дейін ақша түсуі керек
НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан — Sputnik. Болат Назарбаевтың "Салиқалы Ұрпақ" қайырымдылық қоры "Қазақстан халқына" әлеуметтік қорына 1 миллард теңге аударды.

"Салиқалы Ұрпақ" қорының ұжымы мен басшылығының атынан қайғылы қаңтар айының құрбандарына көңіл айтамыз. Еліміз үшін осы қиын уақытта біз мемлекет басшысының айналасына бірігуге және Қазақстан халқына көмектесуге тиіспіз", - делінген қордың сайтында жарияланған ақпаратта.

"Салиқалы Ұрпақ" қоры өз жұмысын 2016 жылы бастады. Бес жыл ішінде білім беру, денсаулық сақтау, халықтың осал топтарын қолдау саласында 1 миллиард теңгеден астам сомаға қайырымдылық жобалары іске асырған.

"Қазақстан халқына" қоры

"Қазақстан халқына" қоры президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау саласындағы проблемаларды шешу үшін құрылды.
20 қаңтарға дейін танымал кәсіпкерлер, заңды тұлғалар мен қарапайым халықтан барлығы 19,5 миллиард теңге түскен.
Соның ішінде "Kaspi bank" АҚ құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе – 10 миллиард теңге, "Халық" қайырымдылық қоры - 2 миллиард теңге, "Степногорск тау-кен комбинаты" ЖШС - 350 миллион теңге және тағы басқа кәсіпорындар бар. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев қорынан 500 миллион теңге аударылды.
"Қазақстан халқына" қорының басшысы Болат Жәмішевтің есебіне сәйкес, 150 миллиард теңгеге дейін ақша түсуі керек.
Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жасады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2022
Қоғам
Назарбаев төтенше жағдай кезінде неге үндемеді – саясаттанушы түсіндірді
Жаңалықтар
0