Қоғам

Назарбаев төтенше жағдай кезінде неге үндемеді – саясаттанушы түсіндірді

Жазылу
Данияр Әшімбаев Назарбаев пен Тоқаевтың арасында келіспеушілік жоқ деп санайды
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Саясаттанушы Данияр Әшімбаев қаңтардың басындағы қақтығыстар кезінде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың не себепті халық алдына шықпағанын түсіндірді.  
"Қазір бәрін бір сұрақ мазалап жүр. Неге Назарбаев ертерек шықпады? Бірақ қайта-қайта шығып, "Біздің президентіміз – Тоқаев, соны тыңдаңыздар" деп айта берсе, бәрін соған көндіргендей, ал шын мәнінде өзі билік жүргізіп отырғандай көрінетін еді. Дәл сол жағдайда нақты бір көшбасшы керек болған", - деді Әшімбаев Ia-centr.ru сайтына берген сұхбатында.
Оның ойынша, Назарбаев 18 қаңтарда қазақстандықтарға үндеу жолдағанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау білдіру үшін ғана емес, Қазақстаннан қашып кеткені туралы алыпқашпа әңгімені де жоққа шығаруды ойлаған. Ал эфирге араға екі апта салып шығудың өзіндік себебі бар.
"Енді, ол не істейді? Күн сайын қолына жаңа газет нөмірін ұстап, эфирге шыға ма? Ол 82 жасқа жақындап қалған адам. Халықтың алдында қайта-қайта сөйлегеннен не пайда? Елде нақты лидер бар. Ол – өзінің ізбасары. Сосын баспасөз қызметі де Назарбаевтың қалада және президентпен байланыста екенін айтты ғой", - деп атап өтті саясаттанушы.
Сарапшының ойынша, Тоқаев екі жылдың ішінде көшбасшылық беделге ие болды.
"Ол ерік-жігері бар екенін, қатаң талап қоя алатынын көрсетті. Шынын айту керек, көбісі ондай мінезді күтпеген. Бірақ оның стилі басқаша. Барлығы Тоқаев тұңғыш президент сияқты болады деп күткен. Алайда олар екі түрлі адам, біреу жұмысшылардың арасынан шыққан, екіншісі – кадрлық дипломат. Иә, екеуі де бір бағытты ұстанады. Дегенмен әдіс-тәсілдері әртүрлі", - деді Әшімбаев.
Саясаттанушы Назарбаев пен Тоқаевтың арасында келіспеушілік жоқ деп санайды.
Оқи отырыңыз: Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жасады - видео 
Жаңалықтар
0