https://sputnik.kz/20220622/almaty-qurby-tizim-25682492.html
Алматы тұрғыны құрбысының кесірінен қайтыс болғандардың тізіміне еніп кеткен
Алматы тұрғыны құрбысының кесірінен қайтыс болғандардың тізіміне еніп кеткен
Sputnik Қазақстан
Прокурорлар марқұм болған әйел 2019 жылы құрбысының жеке куәлігіне өзінің фотосуретін жапсырып, жалған құжат жасағанын анықтады 22.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-22T07:03+0500
2022-06-22T07:03+0500
2022-06-22T07:08+0500
алматы
https://sputnik.kz/img/old/123/64/1236464_0:0:1440:810_1920x0_80_0_0_1ae00bc72bcc4f8228d815da10c45b0a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Алматы тұрғыны құрбысының заңсыз әрекетінен кейін қайтыс болғандардың тізіміне еніп кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық прокуратураға сілтеме жасап.Тергеу материалдарына сәйкес, 2019 жылы Б. есімді әйел жалған құжат жасаған. Ол А. есімді құрбысының жеке куәлігін алып, өз фотосуретін жабыстырған. Ал 2021 жылы қыркүйек айында ауруханаға түсіп, қайтыс болған. Осыдан кейін Түрксіб аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі А. есімді келіншекті қайтыс болды деп таныған. Себебі жалған құжатта оның жеке мәліметтері болған."Қайтыс болған" келіншек сотқа да арыз түсіре алмаған. Осыдан кейін прокурорлардың көмегіне жүгінді. Түрксіб ауданының прокуратурасы өтініш берушінің қайтыс болғаны туралы акт жазбасының күшін жою туралы арыз түсірді. Сот қадағалау органының талап-арызын қанағаттандырды. АХАЖ акт жазбасының күшін жойды.Ал полиция құжатты қолдан жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
https://sputnik.kz/20220201/Petropavl-zeynetker-dalel-19250398.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/123/64/1236464_180:0:1260:810_1920x0_80_0_0_39a35e4e0cd710aa2b83815fd6df33a0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы
Алматы тұрғыны құрбысының кесірінен қайтыс болғандардың тізіміне еніп кеткен
07:03 22.06.2022 (жаңартылды: 07:08 22.06.2022) Прокурорлар марқұм болған әйел 2019 жылы құрбысының жеке куәлігіне өзінің фотосуретін жапсырып, жалған құжат жасағанын анықтады
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Алматы тұрғыны құрбысының заңсыз әрекетінен кейін қайтыс болғандардың тізіміне еніп кеткен, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қалалық прокуратураға
сілтеме жасап.
Тергеу материалдарына сәйкес, 2019 жылы Б. есімді әйел жалған құжат жасаған. Ол А. есімді құрбысының жеке куәлігін алып, өз фотосуретін жабыстырған. Ал 2021 жылы қыркүйек айында ауруханаға түсіп, қайтыс болған. Осыдан кейін Түрксіб аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі А. есімді келіншекті қайтыс болды деп таныған. Себебі жалған құжатта оның жеке мәліметтері болған.
"Осы сәттен бастап өтініш берушінің Қазақстан азаматының конституциялық құқықтарын, мемлекеттік қызметтерді, кепілдендірілген тегін медициналық көмекті пайдалануға мүмкіндігі болмады, өйткені барлық органда ол қайтыс болған адам ретінде есепте тұрды", - дейді прокурорлар.
"Қайтыс болған" келіншек сотқа да арыз түсіре алмаған. Осыдан кейін прокурорлардың көмегіне жүгінді. Түрксіб ауданының прокуратурасы өтініш берушінің қайтыс болғаны туралы акт жазбасының күшін жою туралы арыз түсірді. Сот қадағалау органының талап-арызын қанағаттандырды. АХАЖ акт жазбасының күшін жойды.
Ал полиция құжатты қолдан жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.