Өңірлер

Петропавлда "о дүниеге аттанған" зейнеткер тірі екенін дәлелдеді

© Sputnik / Тимур БатыршинВрач делает отметки в листе медосмотра призывника
Врач делает отметки в листе медосмотра призывника - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Жазылу
Бүгінде өлім туралы жазба жойылса да, зейнеткер басқа базаларда әлі де өлген адам болып тіркелуі мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Петропавл қаласында зейнеткер әйел бір ай бойы мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырып жүр.
Алмагүл Есенбердина техникалық ақаудың кесірінен бірыңғай базада өлілер қатарына еніп кеткен, деп хабарлайды КТК арнасы.
Зейнеткер "о дүниеге аттанғанын" кездейсоқ білген. Жоспарлы операцияға дайындалып, құжат жинап жүргенде деректері медициналық қызметтер порталында қайтыс болған адамдар қатарынан табылды.
"Мен "өлді" деген анықтаманы алдым да, барлық мәліметті тексеріп шықтым. Шынымен де, мені өлі адам деп жазып қойған, әлі де есеңгіреп отырмын", - дейді ол.
Оның айтуынша, техникалық ақаудың салдарынан ақпан айындағы зейнетақыны да бермей қалуы әбден мүмкін. Ал мемлекеттік органдар қатені түзетуге асықпай отыр, бюрократия басым.
Зейнеткер бір айдан бері түрлі инстациялардың табалдырығын тоздырып жүр. Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары да көмектесе алмады.
Олар жеке сәйкестендіру нөмірін қатысты өзгерістерді енгізе алмайды екен.
Зейнеткер прокуратураға шағым түсірді. Осыдан кейін өлім туралы жазба жойылды. Оған вакцинациялау паспорты да берілді.
Петропавл қаласының прокуратурасы қателік жасаған мемлекеттік органды анықтады. Екібастұз қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мамандары қайтыс болған адамның ЖСН-ын енгізгенде бір цифрдан жаңылысып қалған болып шықты. Содан 2021 жылы 21 желтоқсанда Алмагүл Есенбердина өлі адам болып жазылып кеткен.
Бүгінде өлім туралы жазба жойылса да, зейнеткер басқа базаларда әлі де өлген адам болып тіркелуі мүмкін.
Зейнеткер күйзеліске түскенін және денсаулығының күрт нашарлағанын жеткізді. Енді, бір емес, екі операция жасатуы керек.
Алмагүл Есенбердина кінәлі адамдардан моральдық шығын өндіріп алуға мүдделі.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысының тұрғыны қызының тірі екенін дәлелдей алмай жүр
Жаңалықтар
0