https://sputnik.kz/20220620/qazaqstan-ush-zhyldyq-byudzhetten-bas-tartu-25637940.html
Қазақстан үш жылдық бюджеттен бас тартуы мүмкін
Қазақстан үш жылдық бюджеттен бас тартуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Үш жылдық бюджетті орындау барысында тек бірінші базалық жыл ғана нақтыланып, түзетіледі, деді комитет төрағасы 20.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-20T10:58+0500
2022-06-20T10:58+0500
2022-06-20T10:58+0500
экономика
қазақстан
бюджет
https://sputnik.kz/img/07e6/04/19/24429374_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_82924d21243dc05617b144be153a93dd.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова бюджетті жоспарлау әдістемесін өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Парламент палаталарының бірлескен отырысында Годунова республикалық бюджетті қазіргідей бірден үш жылға емес, тек бір жылға жоспарлауды ұсынды. Айтуынша, бір жылдық бюджет нарық конъюнктурасының өзгерісіне жылдам жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Ол әлемдегі экономикалық жағдай тұрақсыз, сол себепті бюджетті үш жылға егжей-тегжей сапалы жоспарлау мүмкін емес екенін айтты. "Бәріне белгілі, үш жылдық бюджет жай ғана ресми рәсім болып қалды. Оны қалыптастыруға өте көп уақыт жұмсалады. Ал орындау барысында тек бірінші базалық жыл ғана нақтыланып, түзетіледі. Қалған жылдарға біз тіпті қарамаймыз да", - деді есеп комитетінің төрағасы.
https://sputnik.kz/20220620/ministr-qazaqstannyn-qaryzy-25636999.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/19/24429374_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_8259ddc20b4264ab13eb22ac33156a2d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, бюджет
Қазақстан үш жылдық бюджеттен бас тартуы мүмкін
Үш жылдық бюджетті орындау барысында тек бірінші базалық жыл ғана нақтыланып, түзетіледі, деді комитет төрағасы
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова бюджетті жоспарлау әдістемесін өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Годунова республикалық бюджетті қазіргідей бірден үш жылға емес, тек бір жылға жоспарлауды ұсынды.
Айтуынша, бір жылдық бюджет нарық конъюнктурасының өзгерісіне жылдам жауап қайтаруға мүмкіндік береді.
"Біздің ойымызша, бюджетті бір жылға жоспарлауға оралу мәселесін көтеретін кез келді. Бұл ретте шешімдердің сабақтастығын қамтамасыз етіп, бизнес пен инвесторларға қабылданған міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қажет", - деді Годунова.
Ол әлемдегі экономикалық жағдай тұрақсыз, сол себепті бюджетті үш жылға егжей-тегжей сапалы жоспарлау мүмкін емес екенін айтты.
"Бәріне белгілі, үш жылдық бюджет жай ғана ресми рәсім болып қалды. Оны қалыптастыруға өте көп уақыт жұмсалады. Ал орындау барысында тек бірінші базалық жыл ғана нақтыланып, түзетіледі. Қалған жылдарға біз тіпті қарамаймыз да", - деді есеп комитетінің төрағасы.