https://sputnik.kz/20220620/ministr-qazaqstannyn-qaryzy-25636999.html
Министр Қазақстанның қарызы қалай азаятынын айтты
Министр Қазақстанның қарызы қалай азаятынын айтты
Sputnik Қазақстан
Қазір Қазақстанның мемлекеттік қарызы қауіпсіз деңгейде 20.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-20T10:12+0500
2022-06-20T10:12+0500
2022-06-20T10:13+0500
экономика
қазақстан
қарыз
https://sputnik.kz/img/07e6/03/02/23233493_6:0:3647:2048_1920x0_80_0_0_b14bcbceebd574686de8bcc5516cd51f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік борышты азайту үшін қандай шаралар қабылданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Министрдің айтуынша, мемлекеттік борыштың өсуі республикалық бюджет тапшылығын жабу қажеттілігімен және маңызды әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін қарыз алумен байланысты. "Өткен жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік борыш деңгейі жалпы ішкі өнімге шаққанда 27,4%-ті құрады және бүгінгі таңда қауіпсіз деңгейде сақталып отыр. Мұны халықаралық қаржы және рейтингтік ұйымдардың бағалауы да растайды", - деді Жамаубаев парламент палаталарының бірлескен отырысында. Десе де, ол мемлекеттік борышты басқару одан әрі жетілдіруді талап ететінін атап өтті. Ол үшін мынадай шаралар қабылданады: Біріншісі – бюджет тапшылығы кезең-кезеңімен азаяды. Бұл борыштың өсу қарқынын төмендетуге ықпал етеді. Екіншісі – бюджеттің кіріс бөлігін арттыру үшін көлеңкелі экономикамен күрес күшейеді. Әкімшілендіруді жақсарту және цифрландыру арқылы салық түсімдерін біртіндеп ұлғайту жоспарланып отыр. Үшіншісі – қарыз алу кезінде ішкі нарықтың өтімділігі барынша пайдаланылады. Бұл валюталық тәуекелдерді болдырмау және ішкі нарықты дамыту мақсатында жасалады. Бұдан бөлек, министр заңнамада сырттан алынған қарызды уақытылы игермегені үшін мемлекеттік органның бірінші басшысы жазаланатынын ескертті. "Жалпы, Үкімет жүйелі түрде мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор қарызының қалыптасуына және басқарылуына бақылауды күшейтеді", - деді Жамаубаев. Айтуынша, 2030 жылға дейін мемлекеттік қаржыны басқару концепциясы қабылданады.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/02/23233493_633:0:3364:2048_1920x0_80_0_0_2aeb8f68c0bbb76a4aa78147f1809ddd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, қарыз
Министр Қазақстанның қарызы қалай азаятынын айтты
10:12 20.06.2022 (жаңартылды: 10:13 20.06.2022) Қазір Қазақстанның мемлекеттік қарызы қауіпсіз деңгейде
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік борышты азайту үшін қандай шаралар қабылданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, мемлекеттік борыштың өсуі республикалық бюджет тапшылығын жабу қажеттілігімен және маңызды әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін қарыз алумен байланысты.
"Өткен жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік борыш деңгейі жалпы ішкі өнімге шаққанда 27,4%-ті құрады және бүгінгі таңда қауіпсіз деңгейде сақталып отыр. Мұны халықаралық қаржы және рейтингтік ұйымдардың бағалауы да растайды", - деді Жамаубаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Десе де, ол мемлекеттік борышты басқару одан әрі жетілдіруді талап ететінін атап өтті. Ол үшін мынадай шаралар қабылданады:
Біріншісі – бюджет тапшылығы кезең-кезеңімен азаяды. Бұл борыштың өсу қарқынын төмендетуге ықпал етеді.
Екіншісі – бюджеттің кіріс бөлігін арттыру үшін көлеңкелі экономикамен күрес күшейеді. Әкімшілендіруді жақсарту және цифрландыру арқылы салық түсімдерін біртіндеп ұлғайту жоспарланып отыр.
Үшіншісі – қарыз алу кезінде ішкі нарықтың өтімділігі барынша пайдаланылады. Бұл валюталық тәуекелдерді болдырмау және ішкі нарықты дамыту мақсатында жасалады.
Бұдан бөлек, министр заңнамада сырттан алынған қарызды уақытылы игермегені үшін мемлекеттік органның бірінші басшысы жазаланатынын ескертті.
"Жалпы, Үкімет жүйелі түрде мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор қарызының қалыптасуына және басқарылуына бақылауды күшейтеді", - деді Жамаубаев.
Айтуынша, 2030 жылға дейін мемлекеттік қаржыны басқару концепциясы қабылданады.