https://sputnik.kz/20220620/mektep-zhondeu-ata-analar-aqsha-25650727.html
Мектепті жөндеу үшін ата-аналардан ақша жинауға бола ма – министрлік жауабы
Мектепті жөндеу үшін ата-аналардан ақша жинауға бола ма – министрлік жауабы
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Мектептің жөндеу жұмыстарына ата-аналар мен мұғалімдерден ақша жинауға болмайды. Ақша жергілікті бюджеттен бөлінеді. Бұл... 20.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-20T15:45+0500
2022-06-20T15:45+0500
2022-06-20T15:45+0500
білім
мектеп
жөндеу жұмыстары
ақша
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861078_0:160:3073:1889_1920x0_80_0_0_c4dc828a0ed6cc443b8496c1ca9486fa.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Мектептің жөндеу жұмыстарына ата-аналар мен мұғалімдерден ақша жинауға болмайды. Ақша жергілікті бюджеттен бөлінеді. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.Оқу-ағарту министрлігі білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекованың айтуынша, мемлекеттік мектептер әкімдікке қарайды. Яғни, мектептерді жабдықтауға, материалдық-техникалық базасын нығайтуға, сондай-ақ ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен ақша бөлінуге тиіс."Сондықтан да ата-аналар мен мұғалімдерден мектепті жөндеуге ақша жинауға болмайды. Биыл сәуір айында білім министрлігінің арнайы бұйрығы қабылданды. Бұйрықта мұғалімдерді өз қызметіне тән емес жұмыстарға тартуға, олардан министрліктің 130-шы бұйрығында қаралмаған есептерді талап етуге болмайтыны нақты көрсетілген. Сондай-ақ педагогтер жұмыс барысында пайдаланатын қағаз немесе басқа да шығындарға өз ақшасын жұмсамауы керек", - деді Мелдебекова.Егер мектепті жөндеуге ақша жинаса, құзырлы органдарға немесе білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің жергілікті департаментіне шағымдануға болады.Құқық бұзу фактілері расталған жағдайда департамент қызметкерлері өздерінің консультативтік-кеңесші органында қарап, Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне сәйкес шара қолданады.
https://sputnik.kz/20220615/turkistan-oblysy-mektep-qulagaly-tur-25531847.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861078_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_bf86cf344cc074009c5bb96ef81331c3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, жөндеу жұмыстары, ақша
мектеп, жөндеу жұмыстары, ақша
Мектепті жөндеу үшін ата-аналардан ақша жинауға бола ма – министрлік жауабы
НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Мектептің жөндеу жұмыстарына ата-аналар мен мұғалімдерден ақша жинауға болмайды. Ақша жергілікті бюджеттен бөлінеді. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқу-ағарту министрлігі білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекованың айтуынша, мемлекеттік мектептер әкімдікке қарайды. Яғни, мектептерді жабдықтауға, материалдық-техникалық базасын нығайтуға, сондай-ақ ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен ақша бөлінуге тиіс.
"Сондықтан да ата-аналар мен мұғалімдерден мектепті жөндеуге ақша жинауға болмайды. Биыл сәуір айында білім министрлігінің арнайы бұйрығы қабылданды. Бұйрықта мұғалімдерді өз қызметіне тән емес жұмыстарға тартуға, олардан министрліктің 130-шы бұйрығында қаралмаған есептерді талап етуге болмайтыны нақты көрсетілген. Сондай-ақ педагогтер жұмыс барысында пайдаланатын қағаз немесе басқа да шығындарға өз ақшасын жұмсамауы керек", - деді Мелдебекова.
Егер мектепті жөндеуге ақша жинаса, құзырлы органдарға немесе білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің жергілікті департаментіне шағымдануға болады.
Құқық бұзу фактілері расталған жағдайда департамент қызметкерлері өздерінің консультативтік-кеңесші органында қарап, Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне сәйкес шара қолданады.