https://sputnik.kz/20220615/turkistan-oblysy-mektep-qulagaly-tur-25531847.html
Түркістан облысындағы елді мекенде мектеп құлағалы тұр
Түркістан облысындағы елді мекенде мектеп құлағалы тұр
Sputnik Қазақстан
Бұл ғимарат өткен ғасырдың 70-жылдары жұмысшыларға арнап салынған жатақхана еді 15.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-15T07:25+0500
2022-06-15T07:25+0500
2022-06-15T07:25+0500
түркістан облысы
мектеп
https://sputnik.kz/img/1165/04/11650411_0:146:3073:1874_1920x0_80_0_0_c8d79b12620c2ba14b9317b467d3fdc8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Түркістан облысындағы Келес ауданының тұрғындары жаңа оқу жылында баламызды сабаққа жібермейміз дейді. Себебі үш жүз орындық мектепте сегіз жүзге жуық бала қысылып-қымтырылып оқиды. Ал жергілікті биліктің мәселені уақытша шешу үшін жабдықтаған қосымша ғимарат құлаудың алдында тұр6 деп хабарлайды Хабар 24.Жандос Рүстемовтің төрт баласы осы мектепте оқиды. Бірақ сапалы білім алып жатырғанына күмән бар, дейді ол. Себебі 2004 жылы 300 орынға лайықтап салынған №9 Көлтоған жалпы орта мектебінде оқушы саны шамадан 2,5 есеге артық. Сондықтан мектеп басшылығы дәлізде ағаштан кабинет жасапты. "Біздің осы мектептің ішіндегі әжетханалар да ылғи құлыпталып тұрады. Бізге жаңа мектеп керек. Ол жерге балаларды жібермейміз біз. Жібермесек учаскелік инспектор келеді. "Бала мектепке бармай жатыр, штраф саламыз" деп. Мен ондай жерге жібергім келмейді оларды. Денсаулықтарына алаңдаймын", - дейді ауыл тұрғыны.Халқы тығыз орналасқан ауылдың демографиялық өсімі де жақсы. Сондықтан оқушылар үшін мектеп мәселесі қашан да өзекті. Білім нысанының қосымша ғимараты әбден тозып, қабырғасынан жылу кетсе де әлі пайдаланып отыр. Бұл ғимарат өткен ғасырдың 70-жылдары жұмысшыларға арнап салынған жатақхана еді. Бала саны артқасын екі мыңыншы жылдары мектеп кабинеттеріне лайықталып, жабдықтау ісі жүргізілген. Апатты жағдайда деп алаңдаған тұрғындар бұл нысанда 100-ден астам бала оқып жүр.Ажары қашқан ескі нысанның екінші қабаты адам өміріне қауіп төндіргесін есігіне құлып қойылды. Бірақ бірінші қабатында бастауыш сынып оқушылары әлі де оқып жатыр, дейді тұрғындар. Шатырынан су кетіп, қабырғасы қақырап тұрғандықтан ата-ананың көңіліне алаң кірді. Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің өкілдері ескі нысанның күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы қаралғанын күтіп отырмыз, дейді. Тұрғындардың талабы ескеріліп, ескі ғимаратта бала оқыту тоқтатылыпты. "Алдында сыймаған кезде оқып жатқан. Қазір енді күрделі жөндеуден өткіземіз деп жобалау-сметалық құжаттарын дайындадық. Сметалық құжатқа облыстан қаржы сұраттық. Қаржы берілген жағдайда келесі жылы күрделі жөндеуден өтеді. Содан кейін пайдаланатын боламыз", - дейді Келес аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Бақтияр Әбдиев.Бөлім басшысының сөзінше жаңа мектептің құрылысы тек көрші ауылға жоспарланған. Іргесі құйылып, құрылысы аяқталса қос ауылдың оқушы сыйымдылығы шешімін табады деп отыр. Ал оқушылар оған дейін үш жүз орындық мектепте үш ауысыммен оқуына тура келеді.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1165/04/11650411_500:355:2757:2048_1920x0_80_0_0_6867ee46372e3bca8de62b15f9fcf352.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, мектеп
Түркістан облысындағы елді мекенде мектеп құлағалы тұр
Бұл ғимарат өткен ғасырдың 70-жылдары жұмысшыларға арнап салынған жатақхана еді
НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Түркістан облысындағы Келес ауданының тұрғындары жаңа оқу жылында баламызды сабаққа жібермейміз дейді.
Себебі үш жүз орындық мектепте сегіз жүзге жуық бала қысылып-қымтырылып оқиды.
Ал жергілікті биліктің мәселені уақытша шешу үшін жабдықтаған қосымша ғимарат құлаудың алдында тұр6 деп хабарлайды Хабар 24.
Жандос Рүстемовтің төрт баласы осы мектепте оқиды. Бірақ сапалы білім алып жатырғанына күмән бар, дейді ол.
Себебі 2004 жылы 300 орынға лайықтап салынған №9 Көлтоған жалпы орта мектебінде оқушы саны шамадан 2,5 есеге артық. Сондықтан мектеп басшылығы дәлізде ағаштан кабинет жасапты.
"Біздің осы мектептің ішіндегі әжетханалар да ылғи құлыпталып тұрады. Бізге жаңа мектеп керек. Ол жерге балаларды жібермейміз біз. Жібермесек учаскелік инспектор келеді. "Бала мектепке бармай жатыр, штраф саламыз" деп. Мен ондай жерге жібергім келмейді оларды. Денсаулықтарына алаңдаймын", - дейді ауыл тұрғыны.
Халқы тығыз орналасқан ауылдың демографиялық өсімі де жақсы. Сондықтан оқушылар үшін мектеп мәселесі қашан да өзекті. Білім нысанының қосымша ғимараты әбден тозып, қабырғасынан жылу кетсе де әлі пайдаланып отыр.
Бұл ғимарат өткен ғасырдың 70-жылдары жұмысшыларға арнап салынған жатақхана еді. Бала саны артқасын екі мыңыншы жылдары мектеп кабинеттеріне лайықталып, жабдықтау ісі жүргізілген. Апатты жағдайда деп алаңдаған тұрғындар бұл нысанда 100-ден астам бала оқып жүр.
Ажары қашқан ескі нысанның екінші қабаты адам өміріне қауіп төндіргесін есігіне құлып қойылды. Бірақ бірінші қабатында бастауыш сынып оқушылары әлі де оқып жатыр, дейді тұрғындар.
Шатырынан су кетіп, қабырғасы қақырап тұрғандықтан ата-ананың көңіліне алаң кірді.
"Мұның жоғарғы жағында жүруге де отыруға да оқуға да болмайды. Осы төменгі қабатты оқиды балалар. Іші суық. Асты цемент бұның. Балаларымызға алаңдап отырамыз. Курткамен отырады мына жерде", - дейді ата-аналардың бірі Фатима Әсілова.
Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің өкілдері ескі нысанның күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы қаралғанын күтіп отырмыз, дейді. Тұрғындардың талабы ескеріліп, ескі ғимаратта бала оқыту тоқтатылыпты.
"Алдында сыймаған кезде оқып жатқан. Қазір енді күрделі жөндеуден өткіземіз деп жобалау-сметалық құжаттарын дайындадық. Сметалық құжатқа облыстан қаржы сұраттық. Қаржы берілген жағдайда келесі жылы күрделі жөндеуден өтеді. Содан кейін пайдаланатын боламыз", - дейді Келес аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Бақтияр Әбдиев.
Бөлім басшысының сөзінше жаңа мектептің құрылысы тек көрші ауылға жоспарланған.
Іргесі құйылып, құрылысы аяқталса қос ауылдың оқушы сыйымдылығы шешімін табады деп отыр. Ал оқушылар оған дейін үш жүз орындық мектепте үш ауысыммен оқуына тура келеді.