https://sputnik.kz/20220618/auyr-atletika-chempionat-qazaqstan-altyn-25619497.html
Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына төртінші "алтын" түсті
Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына төртінші "алтын" түсті
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Қазақстандық зілтемірші Никита Әбдірахманов жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды... 18.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-18T16:15+0500
2022-06-18T16:15+0500
2023-08-09T12:32+0500
спорт
ауыр атлетика
футболдан әлем чемпионаты
https://sputnik.kz/img/287/51/2875161_112:0:3753:2048_1920x0_80_0_0_2454c2ab1126a26d5af377d4bef22774.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Қазақстандық зілтемірші Никита Әбдірахманов жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Халықаралық ауыр атлетика федерациясы қазақстандық спортшының алтын ұтып алған сәтін жариялады. 102 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әбдірахманов жұлқи көтеру сайысында 157 келіні еңсерсе, серіппе көтеруден 191 келімен оқ бойы озық шықты. Осылайша, екі сайыстың нәтижесі бойынша 348 келі жинап, алтыннан алқа тақты.Осы жарыста Өзбекстан спортшысы Кудратбек Салимжонов 327 келімен (156+171) екінші орынға ие болса, түрік зілтеміршісі Баки Кетмет 259 (132+163) келімен қола медальді қанағат тұтты.Айта кетері, Қазақстан Мексикада өтіп жатқан әлем чемпинатында осымен төртінші алтын медальді алып отыр. Бұған дейін Денис Полубояринов (81 келі), Едіге Емберді (73 келі) мен Ерасыл Саулебеков (67 келі) үздіктердің қатарынан көрінді. Бұдан бөлек, жас зілтеміршілеріміз бір күміс және екі қола ұтып алды.
https://sputnik.kz/20220614/erasyl-saulebekov-alem-chempiony-25520027.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/287/51/2875161_567:0:3298:2048_1920x0_80_0_0_37e1d0b3fd11d96a4ef26f76ac9e7eb3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыр атлетика, футболдан әлем чемпионаты
ауыр атлетика, футболдан әлем чемпионаты
Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына төртінші "алтын" түсті
16:15 18.06.2022 (жаңартылды: 12:32 09.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Қазақстандық зілтемірші Никита Әбдірахманов жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы қазақстандық спортшының алтын ұтып алған сәтін жариялады. 102 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әбдірахманов жұлқи көтеру сайысында
157 келіні еңсерсе, серіппе көтеруден
191 келімен оқ бойы озық шықты. Осылайша, екі сайыстың нәтижесі бойынша 348 келі жинап, алтыннан алқа тақты.
Осы жарыста Өзбекстан спортшысы Кудратбек Салимжонов 327 келімен (156+171) екінші орынға ие болса, түрік зілтеміршісі Баки Кетмет 259 (132+163) келімен қола медальді қанағат тұтты.
Айта кетері, Қазақстан Мексикада өтіп жатқан әлем чемпинатында осымен төртінші алтын медальді алып отыр. Бұған дейін Денис Полубояринов (81 келі), Едіге Емберді (73 келі) мен Ерасыл Саулебеков (67 келі) үздіктердің қатарынан көрінді. Бұдан бөлек, жас зілтеміршілеріміз бір күміс және екі қола ұтып алды.