Ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков әлем чемпионы атанды

© Public DomainЗілтемір
Зілтемір - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2022
Жазылу
Yandex newsTelegram
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Мексикада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Ерасыл Сәулебеков алтын медаль иеленді, деп хабарлады Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.
Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 281 (123+158) килограмды көтерді. Осы сәттің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Екінші орынды түркиялық ауыр атлет Алааддин Саин иеленді – 278 (121+157).
Үздік үштікті польшалық Бартош Бурски 269 ұпаймен (116+153) түйіндеді.
Ауыр атлетика - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2022
Спорт
Қазақстандық ауыр атлет Олимпиада алтынынан айырылды: федерация мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
0