Спорт

Қазақстандық ауыр атлет Олимпиада алтынынан айырылды: федерация мәлімдеме жасады

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуАуыр атлетика
Ауыр атлетика - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2022
Жазылу
Ауыр атлетика федерациясы қазақстандық спортшыға қолдау көрсетеді
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы Рио Олимпиадасының алтын медалінен айырылған Нижат Рахимовтың мәселесіне қатысты ресми мәлімдеме жасады.
"Әрине, мұндай шешім біз үшін күтпеген жағдай болды. Өйткені тыңдау барысында Нижат Рахимовтың адвокаттарының дәлелдері көңілге қонымды болды. Тыңдау сәтінен бастап, бұл алты айдан астам уақыт, спортшының атына да, федерацияға да қосымша сұраулар мен түсініктемелер түскен жоқ. Айта кетері, бұл үкім бірінші инстанцияның шешімі, тыңдау бір төрешінің қатысуымен CAS допингке қарсы департаменті деңгейінде өтті", - деді ААФ бас хатшысы Алдияр Нұралинов.
Ол ауыр атлетика федерациясы допингтің кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанатынын атап өтті. Алайда, айтуынша, бұл жағдайда халықаралық федерация мен сол кезде допинг бақылауды жүзеге асырған органдарға қатысты бірқатар сұрақ бар.
"Федерация біздің спортшыны қолдауға және CAS допингке қарсы департаментінің шешіміне шағым түсіруге көмектесуге дайын", - деді бас хатшы.
Ниджат Рахимов - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2022
Олимпиада алтынынан айырылған Рахимов: "Олардың қолы таза емес"
22 наурызда спорт төрелігі сотының (CAS) допингке қарсы департаменті 2021 жылғы тамызда өткен тыңдау қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы Нижат Рахимовтың допинг мәселесіне қатысты ісі туралы шешім шығарды.
Осы шешіммен ауыр атлет Нижат Рахимов тыйым салынған әдісті қолданғаны үшін кінәлі деп танылып, 2021 жылғы 18 қаңтардан бастап спорттан сегіз жылға шеттетілді. Сондай-ақ спортшының 2016 жылғы 15 наурыздан бергі спорттық нәтижелерінің күші жойылды.
Жаңалықтар
0