https://sputnik.kz/20220617/toqaev-zhasyl-investitsiyalar-25610916.html
Тоқаев "жасыл" инвестицияларды дамыту мәселесін көтерді
Тоқаев "жасыл" инвестицияларды дамыту мәселесін көтерді
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін ол Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы елдердің экономикасының барлық әлеуетін пайдалану мүмкіндіктері туралы айтқан еді 17.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-17T20:43+0500
2022-06-17T20:43+0500
2022-06-17T20:55+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
инвестиция
https://sputnik.kz/img/07e6/06/11/25607855_69:0:1212:643_1920x0_80_0_0_50126ffb4b420d12e2029a1c83ad294b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет "жасыл" инвестицияларды дамыту және тиісті жобаларды іске асыруға бағытталған мүмкіндіктерді кеңейтуді жоспарлап отырғанын атап өтті. "Экологиялық проблемалар жаһандық сипатқа ие және әлемнің барлық дерлік елдеріне, соның ішінде Қазақстанға да әсер етті. Мәселен, былтыр өзендердегі жауын-шашын мен таяз судың аздығынан көптеген шаруалар құрғақшылықтан зардап шекті. Жайық трансшекаралық өзені қиын жағдайда. Біздің мемлекеттеріміздің тұрақты дамуы үшін осындай ұзақ мерзімді сын-қатерлерді бірлесіп шешу керек деп санаймын", - деді Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумында сөйлеген сөзінде. Сондай-ақ, мемлекет басшысы "тұйық циклді экономика" - циркулярлық экономика қағидаттарын енгізу әлеуетін байыпты қарастырған жөн екенін атап өтті. Бұған дейін ол Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы елдердің экономикасының барлық әлеуетін пайдалану мүмкіндіктері туралы айтқан еді. Росконгресс қоры ұйымдастырған Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы 15-18 маусым аралығында өтеді. Биылғы форумның тақырыбы: "Жаңа әлем - жаңа мүмкіндіктер". Іс-шара аясында сондай-ақ шағын және орта бизнес, креативті бизнес, "дәрілік қауіпсіздік", "ПМЭФ Юниор" және SPIEF Sport Week форумдары жоспарланған.
https://sputnik.kz/20220617/qazaqstan-reseyge-qatysty-sanktsiyalar-25610345.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/11/25607855_212:0:1069:643_1920x0_80_0_0_435fa7a596a81ee723719fedcbd06b05.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, инвестиция
қасым-жомарт тоқаев, инвестиция
Тоқаев "жасыл" инвестицияларды дамыту мәселесін көтерді
20:43 17.06.2022 (жаңартылды: 20:55 17.06.2022) Бұған дейін ол Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы елдердің экономикасының барлық әлеуетін пайдалану мүмкіндіктері туралы айтқан еді
НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет "жасыл" инвестицияларды дамыту және тиісті жобаларды іске асыруға бағытталған мүмкіндіктерді кеңейтуді жоспарлап отырғанын атап өтті.
"Экологиялық проблемалар жаһандық сипатқа ие және әлемнің барлық дерлік елдеріне, соның ішінде Қазақстанға да әсер етті. Мәселен, былтыр өзендердегі жауын-шашын мен таяз судың аздығынан көптеген шаруалар құрғақшылықтан зардап шекті. Жайық трансшекаралық өзені қиын жағдайда. Біздің мемлекеттеріміздің тұрақты дамуы үшін осындай ұзақ мерзімді сын-қатерлерді бірлесіп шешу керек деп санаймын", - деді Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумында сөйлеген сөзінде.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы "тұйық циклді экономика" - циркулярлық экономика қағидаттарын енгізу әлеуетін байыпты қарастырған жөн екенін атап өтті.
"Біз жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын азайту, жаңартылатын энергетика секторын кеңейту және осы саладағы транзиттік шығындарды азайту бойынша жұмыс істеп жатырмыз", - деді президент.
Бұған дейін ол Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы елдердің экономикасының барлық әлеуетін пайдалану мүмкіндіктері туралы айтқан еді.
Росконгресс қоры ұйымдастырған Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы 15-18 маусым аралығында өтеді. Биылғы форумның тақырыбы: "Жаңа әлем - жаңа мүмкіндіктер". Іс-шара аясында сондай-ақ шағын және орта бизнес, креативті бизнес, "дәрілік қауіпсіздік", "ПМЭФ Юниор" және SPIEF Sport Week форумдары жоспарланған.