Саясат

Ресейге қарсы санкцияларға байланысты Қазақстан қысым көріп жатқан жоқ - Тоқаев

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстан мен Ресей тулары
Қазақстан мен Ресей тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2022
Жазылу
Ол барлық қиындыққа қарамастан, ЕАЭО-ның болашағы бар екенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым - Sputnik. Санкция салынған Ресеймен ынтымақтастықтың жалғасуына байланысты Қазақстан әзірге қысым көріп отырған жоқ, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Қазақстанға келетін болсақ, мен біздің елге тікелей қысым көрсетіліп жатыр деп айтпас едім. Бұл келіссөз мәселесі. Санкциялар бар, біз бұл санкцияларды біздің сауда-экономикалық стратегиямызда ескереміз. Бірақ сонымен бірге, біздің Ресеймен бұрынғы келісімдерімізге байланысты Қазақстан алдында міндеттемелер бар", - деді Тоқаев Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумындағы панельдік сессия барысында сұрақтарға жауап бере отырып.
"Тарихты алмағанда, география бойынша біз бірге болуымыз керек, ерекше жағдайларда бірге жұмыс істеуіміз керек", - деді ол.
Ол барлық қиындыққа қарамастан, ЕАЭО-ның болашағы бар екенін атап өтті.
"Осы одаққа енген елдер айтарлықтай экономикалық күш пен әлеуетке ие. Сондықтан келіссөз барысында өзара қолайлы шешімдерді табу керек. Біздің алдағы жұмысымыздың міндеті осы болып табылады. Бұл өте қиын жұмыс", - деді Тоқаев.
Ол ЕАЭО аясында келіспеушіліктер де туындайтынын атап өтті.
"Иә, ЕАЭО аясында даулар бар. Біз тек ашық форматта ғана кездеспейміз, жабық бөлігі де бар. Бірақ көп жағдайда біз шешім табамыз, бұл қуантады", - деді Қазақстан президенті.
 ЕАЭО елдерінің тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2022
Саясат
Тоқаев: ЕАЭО өзін азық-түлікпен қамтамасыз етуге қауқарлы
Жаңалықтар
0