Қазақстан президенті ЕАЭО аясында жаңа сауда саясатын құруды ұсынды

© PhotoҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2022
Жазылу
Оның айтуынша, өзекті міндет – Еуразиялық интеграцияны Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" тұжырымдамасымен ұштастыру
НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО елдерінің болашағына қатысты ойын бөлісті.
"Менің ойымша, жаңа шындықты ескере отырып, ЕАЭО шеңберінде жаңа сауда стратегиясын әзірлеумен айналысу орынды әрі пайдалы болар еді. Нәтижелі болмайтын қарсы санкциялардың орнына Азия, Таяу Шығыс елдерінің нарықтарын кеңінен қамти отырып, неғұрлым белсенді және икемді сауда саясатын жүргізу керек", - деді Тоқаев Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында сөйлеген сөзінде.
"Қазақстан қандай да бір "буферлік нарықтың" пайдалы рөлін атқара алар еді. Тұтастай алғанда, көп жағдайда Еуразиялық интеграцияның түпкі жетістігі айтарлықтай дәрежеде болмаса, біздің ортақ сауда стратегиямыздың тиімділігіне байланысты болады", - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, өзекті міндет – Еуразиялық интеграцияны Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" тұжырымдамасымен ұштастыру.
"Алдағы онжылдықта Қытай, Үндістан, Таяу Шығыс, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері сияқты дәстүрлі достық елдері біздің аймақтың экономикасында ірі инвестор бола алады", - деді Тоқаев.
Ол Қытай мемлекетінің Қазақстанның негізгі экономикалық және сыртқы сауда әріптесі екенін атап өтті. Қытай соңғы 15 жыл ішінде біздің экономикамызға 21 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Сондықтан Қытаймен көпжақты ынтымақтастықты тереңдету Қазақстан үшін аса маңызды міндет болып табылады, деп атап өтті президент.
"Алда бизнес-құрылымдар арасындағы тікелей байланыстарды күшейту, жаңа көлік-логистикалық дәліздерді құру міндеті тұр. Серпінді инновациялық-технологиялық жобалар пулын, үздіксіз көлік-логистикалық тізбектерді құру, сайып келгенде, жаһандық экономиканың өсуі үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру жөніндегі бірлескен күш-жігерінің әлеуеті болып көрінеді", - деді Тоқаев.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2022
ЕАЭО экономикасының көлемі 2 трлн доллардан асады - Тоқаев
Жаңалықтар
0