ЕАЭО экономикасының көлемі 2 трлн доллардан асады - Тоқаев

© PhotoҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2022
Жазылу
Әлемдік экономиканың өсу қарқыны баяулады, инвестициялар мен ресурстар үшін бәсекелестік күшейді, деді президент
НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ елдері экономикаларының көлемі 2 триллион доллардан асады, деп атап өтті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумында.
Күйзеліс пен дағдарысқа қарамастан, елдердің ынтымақтастығы нығая түсуде, деді Тоқаев.

"Біздің өңір елдеріне осы сын-қатерлерге дұрыс жауап тауып қана қоймай, олардан барынша пайда алуға тырысу маңызды. Сондықтан біз Еуразиялық экономикалық одақ аясында ынтымақтастықтың барлық әлеуетін іске асыруымыз керек", - деп атап өтті Тоқаев.

Өзекті міндет - еуразиялық интеграцияны Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" тұжырымдамасымен ұштастыру, деп атап өтті Қасым-Жомарт Кемелұлы.
"Біздің кездесуіміз жоғары саяси және экономикалық турбуленттіліктің жағдайында өтуде. Пандемиямен және геосаяси шиеленістің өсуімен байланысты жаһандық толқулар жаңа шындыққа әкелді. Жаһанданудың орнына аймақтар дәуірі келді, оның артықшылығы мен кемшілігі бар", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, дәстүрлі экономикалық модельдер мен сауда бағыттарын қайта форматтау процесі жеделдеп, әлем тез өзгеру үстінде.
"Өкінішке қарай, бұл көп жағдайда жақсы емес. Көптеген елдерде инфляция он жылға созылған рекордтарды жойып, әлемдік экономиканың өсу қарқыны баяулады, инвестициялар мен ресурстар үшін бәсекелестік күшейді", - деді президент.
Климаттың өзгеруі, көші-қон ағындарының ұлғаюы, технологиялық өзгерістердің жеделдеуі экономикалық өсуді тежейтін факторларға айналды. Осы процестердің барлығы біздің назарымыздан тыс қалмайды.
Жаңа болмыс туралы айтқанда, әлемдік тәртіптің қарқынды өзгеріп отырған құрылымын, "Шығыс-Батыс", "Солтүстік-Оңтүстік" желісі бойынша өзара іс-қимылдың орнықты векторларының өзгеруін есте ұстаған жөн, деп атап өтті Тоқаев.
Жаңалықтар
0