Экономика

АЭС салуда "Росатомның" серіктес ретінде таңдалуына санкциялар әсер етпейді - министр

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстанның энергетика министрі Болат Ақшолақов
Қазақстанның энергетика министрі Болат Ақшолақов - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2022
Жазылу
Биыл Қазақстан АЭС-ті Алматы облысында Балқаштың жағасындағы Үлкен ауылында салуға шешім қабылдады
НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. "Росатом" батыстың санкциялық тізіміне кірмейді, сондықтан Қазақстанда АЭС салу үшін серіктес ретінде таңдалуына санкциялар әсер етпейді, деп мәлімдеді Қазақстанның энергетика министрі Болат Ақшолақов Петербург халықаралық экономикалық форумы алаңында журналистерге берген сұхбатында.

"Росатом" санкциялар тізіміне кірмейді. Сондықтан бұл жерде сұрақ жоқ... Сол себепті келесі жылы ойланамыз", - деп жазады Ақшолақовтың сөзін РИА Новости.

Оның айтуынша, биыл Қазақстан АЭС-ті Алматы облысында Балқаштың жағасындағы Үлкен ауылында салуға шешім қабылдады.
Ал 2023 жылы реакторлық негіз өндірушіні таңдауы керек. Бұған дейін билік өзінің алғашқы атом электр станциясын құру мүмкіндігін зерделеп жатқан Қазақстан, Ресей, АҚШ, Франция және Қытай компанияларынан серіктестік туралы ұсыныстарды қарастырып жатқанын хабарлаған болатын.
Самұрық-Қазына қоры мен Орано компаниясы басшылығының кездесуі - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2022
Экономика
Француз корпорациясы Қазақстанда АЭС салуға қызығушылық білдірді
Жаңалықтар
0