Экономика

Француз корпорациясы Қазақстанда АЭС салуға қызығушылық білдірді

© Photo : Пресс-служба "Самрук-Казына""Самұрық-Қазына" қоры мен "Орано" компаниясы басшылығының кездесуі
Самұрық-Қазына қоры мен Орано компаниясы басшылығының кездесуі - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2022
Жазылу
Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. "Самұрық-Қазына" компаниясы мен француздың Orano корпорациясы Қазақстанда атом өнеркәбін дамыту мәселесін талқылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қордың ресми сайтына сілтеме жасап.
"Француз тарапы Қазақстанда таза энергия көзі ретінде атом электр станциясын салу жоспарына үлкен қызығушылық танытты", - делінген ресми хабарламада.
Кездесу кезінде "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев бұл бастаманың пысықталып жатқанын, ал соңғы шешім әлі қабылданбағанын жеткізді.
"Қалай болғанда да, біз энергия көздерін әртараптандыруға және теңгерімді энергетикалық тұрақтылықты құруға ниеттіміз. Мақсатымыз – ядролық қана емес, сонымен бірге газ және жаңартылатын қуат көздерін дамыту", – деді Сәтқалиев.
Келіссөздердің негізгі тақырыбы еліміздің оңтүстігінде уран өндіретін KATCO бірлескен қазақ-француз кәсіпорнының жұмысына арналды. Орано басшылығы өнеркәсіп нысандарын пайдалану үшін 12 МВт күн электр станциясын салуды ұсынды. Тараптар күкірт қышқылын өндіру жобасын жүзеге асыру болашағын, сондай-ақ Ораноның шетелдік жобаларына бірлескен инвестиция тарту мүмкіндіктерін де талқылады.
Орано (бұрынғы Areva) — француз трансұлттық корпорациясы, ядролық отын өндірісі бойынша әлемдік үздік компания. "КАТКО" БК" ЖШС – "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ ("Самұрық-Қазына" АҚ құрамына кіреді) мен "ОРАНО Майнинг" АҚ бірлескен кәсіпорны. KATCO Түркістан облысындағы Мойынқұм кен орнында уран өндіреді. Ол әлемдегі ең ірі уран өндіруші кәсіпорындардың бірі болып саналады.
Жаңалықтар
0