https://sputnik.kz/20220616/zeynet-zhasyn-tomendetu-25572466.html
Зейнет жасын төмендету мәселесі: қаржы министрлігі есеп-қисапқа кірісті
Зейнет жасын төмендету мәселесі: қаржы министрлігі есеп-қисапқа кірісті
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда бір топ белсенді әйел зейнет жасын 58-ге дейін төмендетуді талап етіп отыр 16.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-16T15:40+0500
2022-06-16T15:40+0500
2022-06-16T15:40+0500
зейнет жасы
қаржы министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744322_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_17730ef180de2c7b3b2d415a5dc2ea13.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнет жасын төмендетуге қатысты ұсыныстардың қаржы министрлігіне жіберілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұған дейін Дүйсенова зейнет жасын төмендетуді талап етіп жүрген бір топ белсендімен кездескен болатын. Сол кезде олар бірнеше ұсыныс жасады. Министрлік те өз тарапынан ұсыныс енгізген болатын. Қазіргі кезде қаржы министрлігі барлық ұсыныстың тиімділігін зерделеп, есеп-қисапқа кірісті. Мамандар бюджеттен қанша шығын жұмсалатынын есептеп шығуы керек. Оның айтуынша, зейнет жасын төмендеткен жағдайда адамның ай сайын қанша ақша алатынын ескеру керек. "Еңбек өтілі мен жинақтың көлемі аз болса, зейнетақыны алуға мүкіндік бола ма? Мәселе сонда. Әлемдік тәжірибені ескерсек, тәжірибесі бар адамдарды әлеуметтік қызметке тарту керек. Сонда олар белсенді болады. Зейнетке жібере салып, еңбек жолын бірден аяқтауға болмайды", - деп атап көрсетті министр. Айта кетері, Қазақстанда бір топ белсенді әйел зейнет жасын 58-ге дейін төмендетуді талап етіп отыр. Жақында сенатор Дана Нұржігіт де осы бастаманы қолдап, әйелдердің зейнет жасын ұлғайту шешімі қалай қабылданғанын да еске алған болатын. Ол кезде Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 71 жас деп алынған. 2021 жылы бұл көрсеткіш 70 жасқа дейін төмендеді. Ал Ал БҰҰ-ның болжамына сәйкес, биыл Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы әйелдер үшін 78 жас, ал ерлер үшін 70 жас болады.
https://sputnik.kz/20220609/senator-ayelderdin-zeynetke-shygu-zhasy-25430915.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744322_413:0:2664:1688_1920x0_80_0_0_ed6315fffe033220cd6f050cc3494a7f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнет жасы, қаржы министрлігі
зейнет жасы, қаржы министрлігі
Зейнет жасын төмендету мәселесі: қаржы министрлігі есеп-қисапқа кірісті
Қазақстанда бір топ белсенді әйел зейнет жасын 58-ге дейін төмендетуді талап етіп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнет жасын төмендетуге қатысты ұсыныстардың қаржы министрлігіне жіберілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін Дүйсенова зейнет жасын төмендетуді талап етіп жүрген бір топ белсендімен кездескен болатын. Сол кезде олар бірнеше ұсыныс жасады. Министрлік те өз тарапынан ұсыныс енгізген болатын. Қазіргі кезде қаржы министрлігі барлық ұсыныстың тиімділігін зерделеп, есеп-қисапқа кірісті. Мамандар бюджеттен қанша шығын жұмсалатынын есептеп шығуы керек.
"Маңызды бір нәрсені түсіну керек, әлеуметтік саладағы кез келген бастама қаржыға тіреледі. Зейнет жасын төмендету болсын, көтеру болсын, барлығы қаржымен байланысты", - деді Дүйсенова.
Оның айтуынша, зейнет жасын төмендеткен жағдайда адамның ай сайын қанша ақша алатынын ескеру керек.
"Еңбек өтілі мен жинақтың көлемі аз болса, зейнетақыны алуға мүкіндік бола ма? Мәселе сонда. Әлемдік тәжірибені ескерсек, тәжірибесі бар адамдарды әлеуметтік қызметке тарту керек. Сонда олар белсенді болады. Зейнетке жібере салып, еңбек жолын бірден аяқтауға болмайды", - деп атап көрсетті министр.
Айта кетері, Қазақстанда бір топ белсенді әйел зейнет жасын 58-ге дейін төмендетуді талап етіп отыр. Жақында сенатор Дана Нұржігіт де осы бастаманы қолдап, әйелдердің зейнет жасын ұлғайту шешімі қалай қабылданғанын да
еске алған болатын. Ол кезде Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 71 жас деп алынған. 2021 жылы бұл көрсеткіш 70 жасқа дейін төмендеді.
Ал Ал БҰҰ-ның болжамына сәйкес, биыл Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы әйелдер үшін 78 жас, ал ерлер үшін 70 жас болады.