https://sputnik.kz/20220609/senator-ayelderdin-zeynetke-shygu-zhasy-25430915.html
Сенатор әйелдердің зейнетке шығу жасын 58-ге дейін төмендетуді талап етті
Сенатор әйелдердің зейнетке шығу жасын 58-ге дейін төмендетуді талап етті
Sputnik Қазақстан
Жұмысын жалғастырамын десе, өз еркі болуы шарт 09.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-09T15:05+0500
2022-06-09T15:05+0500
2023-08-09T12:51+0500
қоғам
дана нұржігіт
сенат депутаттары
https://sputnik.kz/img/1178/87/11788795_0:0:3071:1728_1920x0_80_0_0_913b3eb86ffbe356a47e4a45913692b9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Сенат депутаты Дана Нұржігіт әйелдердің зейнетке шығу жасын 58 жасқа дейін төмендетуді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенатордың айтуынша, әлеуметтік желідегі парақшасына осы мәселеге қатысы ондаған сұрақ түседі. Нұржігіт депутат болғалы зейнет жасына қатысты өтініштер артпаса, азайғанОсы орайда сенатор әйелдердің зейнет жасын ұлғайту шешімі қалай қабылданғанын еске салды. Ол кезде Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 71 жас деп алынған. 2021 жылы бұл көрсеткіш 70 жасқа дейін төмендеді. Ал Ал БҰҰ-ның болжамына сәйкес, 2022 жылы Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы әйелдер үшін 78 жас, ал ерлер үшін 70 жас болады. "Алайда пандемияның әсерінен бұл көрсеткіштер өзгерді. Шын мәнінде, қазіргі күннің болжамдары қандай екеніне қатысты нақты ақпарат жоқ. Меніңше, мұндай нақтыланбаған, дәйекті дәлелі жоқ, яғни, күмәнді көрсеткіштер әлеуметтік маңызы аса зор заңның қабылдануына негіз бола алмайды. Соңғы кездері үкіметтің зейнетақы саласына назар аударып, ауыр мамандық иелерінің зейнетке шығу жасын қайта қарауды қолға алып жатқанын білеміз. Сөз басында айтқан әйелдердің зейнетке шығу жасын өзгерту туралы өтініштерін ендігәрі ысырып қоюға менің арым шыдамайды", - деп атап көрсетті сенатор Нұржігіт. Сенатор үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, әйелдердің 58 жасында зейнетке шығуына рұқсат беруді сұрады. Ал арықарай жұмыс істеймін десе, өз еркі болуы шарт.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1178/87/11788795_107:0:2838:2048_1920x0_80_0_0_87557c32573560169f56a66c537ebedc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әйелдер зейнетке шығу пенсия женщины возраст жас дана нұржігіт дана нуржигит
әйелдер зейнетке шығу пенсия женщины возраст жас дана нұржігіт дана нуржигит
Сенатор әйелдердің зейнетке шығу жасын 58-ге дейін төмендетуді талап етті
15:05 09.06.2022 (жаңартылды: 12:51 09.08.2023) Жұмысын жалғастырамын десе, өз еркі болуы шарт
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Сенат депутаты Дана Нұржігіт әйелдердің зейнетке шығу жасын 58 жасқа дейін төмендетуді талап етті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенатордың айтуынша, әлеуметтік желідегі парақшасына осы мәселеге қатысы ондаған сұрақ түседі. Нұржігіт депутат болғалы зейнет жасына қатысты өтініштер артпаса, азайған
"Халық үніне құлақ асатын үкімет боламыз" дегеніміз рас болса, ендігі жерде бұл мәселені жылы жауып, қарап отырғанымыз дұрыс болмайды деп есептеймін", - деді Нұржігіт сенаттың жалпы отырысында.
Осы орайда сенатор әйелдердің зейнет жасын ұлғайту шешімі қалай қабылданғанын еске салды. Ол кезде Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 71 жас деп алынған. 2021 жылы бұл көрсеткіш 70 жасқа дейін төмендеді. Ал Ал БҰҰ-ның болжамына сәйкес, 2022 жылы Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы әйелдер үшін 78 жас, ал ерлер үшін 70 жас болады.
"Алайда пандемияның әсерінен бұл көрсеткіштер өзгерді. Шын мәнінде, қазіргі күннің болжамдары қандай екеніне қатысты нақты ақпарат жоқ. Меніңше, мұндай нақтыланбаған, дәйекті дәлелі жоқ, яғни, күмәнді көрсеткіштер әлеуметтік маңызы аса зор заңның қабылдануына негіз бола алмайды. Соңғы кездері үкіметтің зейнетақы саласына назар аударып, ауыр мамандық иелерінің зейнетке шығу жасын қайта қарауды қолға алып жатқанын білеміз. Сөз басында айтқан әйелдердің зейнетке шығу жасын өзгерту туралы өтініштерін ендігәрі ысырып қоюға менің арым шыдамайды", - деп атап көрсетті сенатор Нұржігіт.
Сенатор үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, әйелдердің 58 жасында зейнетке шығуына рұқсат беруді сұрады. Ал арықарай жұмыс істеймін десе, өз еркі болуы шарт.