Қошанов: баршамызды мезі қылған жасандылық пен пафостан арылуымыз керек

© Sputnik / Абзал КалиевЕрлан Қошанов
Ерлан Қошанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2022
Жазылу
Ұлытауда мемлекет басшысының төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Парламент мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов Жаңа Қазақстанға жаңа қоғамдық сана қажет деп санайды. Бұл туралы ол Ұлытауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың отырысында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қошановтың пікірінше, барша қазақстандықты жоғары ұлттық құндылықтар мен демократиялық саяси дәстүр негізінде ғана топтастыруға болады. Мәжіліс спикері референдум билік алдына кем дегенде үш нақты міндет пен мақсат қойғанын айтты. Солардың бірі – жаңа қоғамдық сана.

"Жаңа Қазақстанда жаңа қоғамдық ой-сана қалыптастыруымыз керек. Бұл баршамызды мезі қылған жасандылықтан, бюрократизмнен, жалғандықтан, пафостан жиреніп, әділет пен адалдық жағына біржолата шығуымызды талап етеді", - деді Қошанов.

Айтуынша, парламенттің де, партиялардың да басты міндеті – елде болып жатқан оң өзгерістерді халыққа жеткізу, жас ұрпақтың бойына сіңіру.
"Біз президент көрсеткен саяси межеге, реформалардың қарқынына ілесіп, жаңа жағдайда жұмыс істеуге бейімделуіміз қажет. Осы орайда "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" қағидасы "жауапты Қоғам мен жауапты Азамат" формуласымен үндесіп тұр", - деді ол.
Тағы бір міндет – жаңа саяси мәдениет. Қошанов жаңа саяси мәдениет қалыптастыру – Жаңа Қазақстанды құрудың алғышарты екенін атап өтті.
"Елімізде конструктивті мәдениет, пікірталас мәдениетін қалыптастыруға тиіспіз. Әр адам жеке басқа емес, ұлттық мүддеге қызмет етуге талпынуы керек. Құрылтай осы саяси мәдениетті жаңа деңгейге көтереді деп білеміз", - деді мәжіліс төрағасы.
Ұлытауда мемлекет басшысының төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтіп жатыр.
Ұлттық құрылтай  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2022
Саясат
Жаңа Қазақстанды құру үшін бір ғана биліктің әрекет етуі жеткіліксіз – президент
Жаңалықтар
0