Саясат

Жаңа Қазақстанды құру үшін бір ғана биліктің әрекет етуі жеткіліксіз – президент

© Официальный сайт Президента КазахстанаҰлттық құрылтай
Ұлттық құрылтай  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2022
Жазылу
Тоқаев қазақ құрылтайдарының бәрі ел дамуына зор өзгеріс әкелгенін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Қазақстан құру жолында барша азаматты бірігуге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент халықтың сана сезімі, құндылықтары түбегейлі жаңаруы керек екенін атап өтті. Оның пікірінше, сонда ұлттың жаңа сапасы қалыптасады.
"Бір сөзбен айтқанда, барша еліміз жаңарады. Жаңа Қазақстан бір күнде немесе бір жылда құрылмайтыны анық. Бұл бүкіл қоғамды өзгертетін күрделі әрі ұзақ процесс. Мұны жүзеге асыру үшін бір ғана билік әрекет етсе, бұл әрине, жеткіліксіз. Ел болып жұмылсақ, көздеген мақсатымызға жетеміз", - деді Тоқаев Ұлытау облысында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында.
Президент Ұлттық құрылтай шақыру ежелден келе жатқан ата дәстүріміз екенін атап өтті. Айтуынша, бабаларымыз маңызды мәселелерді осындай маңызды жиында талқылаған. Халық өзара ақылдаса отырып, бір тоқтамға келген. Мұндай шешімдер бүкіл елді біріктірген.
"Төл тарихымызда ұлт тағдырын шешкен құрылтайлар болған. Оның көбі халқымыз үшін маңызды кезеңде өткізілген. Талас құрылтайынан кейін Алтын Орда дербес мемлекет болды. Қарақұм және Ордабасы құрылтайлары жұртымызды ел қорғауға ұйыстырды. Орынбордағы бірінші қазақ құрылтайында Алаш партиясы құрылды. Екінші құрылтайда Алаш автономиясы жарияланды", - деді Тоқаев.
Касым-Жомарт Токаев на избирательном участке - Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
ҚР президенті
Президент қазақ құрылтайдарының бәрі ел дамуына зор өзгеріс әкелгенін айтты.
Мен құрылтайға келер алдында тұтас елдің атынан ұлы Жошы ханның рухына құран бағыштап, құрбан шалдым. Жаңа Қазақстанды құру жолындағы тарихи қадамның киелі жерден басталуы жақсы ырым. Бәріміз бабаларымыздың аруағы қолдап, ісіміз оңынан болсын тілейміз.
Астана көрінісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2022
Тоқаев Қазақстан атауын өзгерту туралы не ойлайтынын айтты
Жаңалықтар
0