https://sputnik.kz/20220616/qazaqstan-tarikhynyn-kop-tomdygy-25578807.html
Қазақстан тарихының көп томдығы әзірленіп жатыр
Қазақстан тарихының көп томдығы әзірленіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Оны келесі жылдың ортасында түбегейлі аяқтау керек, деді президент 16.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-16T18:37+0500
2022-06-16T18:37+0500
2022-06-16T18:37+0500
қоғам
қазақстан
тарих
https://sputnik.kz/img/807/52/8075295_0:0:1499:844_1920x0_80_0_0_34fec9b0f8d4a594c9506274b216404e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарихының көп томдығы әзірленіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Мен былтыр еліміздің академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазу туралы тапсырма бердім. Қазір Қазақстан тарихының көп томдығы әзірленіп жатыр. Белгілі ғалымдарымыз жұмылып, осы маңызды іске атсалысуда. Мен өзім де бұл жұмысқа үлесімді қосамын. Оны келесі жылдың ортасында түбегейлі аяқтау керек. Дегенмен, мәселе уақытта емес, сапада", - деді Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында. Президент Қазақстан тарихы жүйелі, шынайы, ең бастысы, тәуелсіз елдің көзқарасымен жазылуы керек екенін атап өтті. Тоқаев ғылым және жоғары білім министрлігіне мұны айрықша қадағалауды тапсырды. Қажет болса, бұл жұмысқа шетел ғалымдары да тартылады.Еске салсақ, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтті.
https://sputnik.kz/20220616/25-qazan-respublika-kuni-ulttyq-mereke-25575030.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/807/52/8075295_63:0:1396:1000_1920x0_80_0_0_0298a9d71b42313ee0037dbdb8bbd390.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, тарих
Қазақстан тарихының көп томдығы әзірленіп жатыр
Оны келесі жылдың ортасында түбегейлі аяқтау керек, деді президент
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарихының көп томдығы әзірленіп жатқанын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мен былтыр еліміздің академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазу туралы тапсырма бердім. Қазір Қазақстан тарихының көп томдығы әзірленіп жатыр. Белгілі ғалымдарымыз жұмылып, осы маңызды іске атсалысуда. Мен өзім де бұл жұмысқа үлесімді қосамын. Оны келесі жылдың ортасында түбегейлі аяқтау керек. Дегенмен, мәселе уақытта емес, сапада", - деді Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында.
Президент Қазақстан тарихы жүйелі, шынайы, ең бастысы, тәуелсіз елдің көзқарасымен жазылуы керек екенін атап өтті.
Тоқаев ғылым және жоғары білім министрлігіне мұны айрықша қадағалауды тапсырды. Қажет болса, бұл жұмысқа шетел ғалымдары да тартылады.
Еске салсақ, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтті.