https://sputnik.kz/20220616/25-qazan-respublika-kuni-ulttyq-mereke-25575030.html
25 қазан – Республика күні ұлттық мереке мәртебесін алады
25 қазан – Республика күні ұлттық мереке мәртебесін алады
Sputnik Қазақстан
Тоқаев Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтты 16.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-16T16:00+0500
2022-06-16T16:00+0500
2022-06-16T16:01+0500
саясат
республика
ұлттық
мереке
мәртебе
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0c/24777490_0:221:3067:1946_1920x0_80_0_0_c2d66886bcaac1da0fdc37796188f1e1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек", - деді Тоқаев Ұлытауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында. Президент 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданғанын еске салды. Тоқаев Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтты. "Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек", - деді Тоқаев.
https://sputnik.kz/20220616/toqaev-aulietau-memlekettik-ramizder-alany-25574418.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0c/24777490_338:0:3067:2047_1920x0_80_0_0_8de8729c263d2b83c96e4df435559b54.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
республика, ұлттық, мереке, мәртебе
республика, ұлттық, мереке, мәртебе
25 қазан – Республика күні ұлттық мереке мәртебесін алады
16:00 16.06.2022 (жаңартылды: 16:01 16.06.2022) Тоқаев Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек", - деді Тоқаев Ұлытауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында.
Президент 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданғанын еске салды.
"Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды", -деді мемлекет басшысы.
Тоқаев Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтты.
"Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек", - деді Тоқаев.