https://sputnik.kz/20220616/baymenov-otandyq-telearnalar-telekorporatsiya-25573787.html
Байменов отандық телеарналарды қоғамдық телекорпорацияларға айналдыруды ұсынды
Байменов отандық телеарналарды қоғамдық телекорпорацияларға айналдыруды ұсынды
Sputnik Қазақстан
Сондай-ақ ол мемлекеттік тілде мәтін, видео, аудио өнімдерін аударғандарға субсидия беру жүйесін қамтитын мемлекеттік бағдарлама қабылдау қажет деп санайды 16.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-16T15:21+0500
2022-06-16T15:21+0500
2023-08-09T12:36+0500
ұсыныс
телеарна
https://sputnik.kz/img/07e6/06/10/25574026_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_722a1a95d59f1f6e8f6aa0baa47bc5f1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов "Хабар" мен "Қазақстан" телеарналарын қоғамдық телекорпорацияға айналдыруды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Ол жаһандану сынағына төтеп беру үшін жаңа технологияларды игерумен қатар ұлттық озық-дәстүрлерді сақтап, әлемге қазақтың көзімен, ұлттық мүдде тұрғысынан қарауға қол жеткізу қажет екенін атап өтті. Айтуынша, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтумен қатар сөздік қорды жүйелі жаңғырту қажет. "Бұл істе тіпті бір миллиондай ғана халқы бар Эстонияның да тәжірибесі пайдаға асар еді. Ол елде эстон тіліндегі жаңа сөздерге ұлттық бәйге жарияланып, онлайн дауыс берумен анықталатын жеңімпаздарды президент марапаттайды. Барлық салада мемлекеттік тілде мәтін, видео, аудио өнімдерін аударғандарға субсидия беру жүйесін және басқа да шараларды қамтитын "Ұлттық білім қоры" мемлекеттік бағдарламасын қабылдауды ұсынамын", - деді ол. Байменов еститін мемлекет концепциясы толық жұмыс істеу үшін халықтың мұңы мен мұқтажы, даты мен даусы билікке арыз-шағымсыз жететін құрылтайдың басқа да жүйелері қажет екенін айтты. "Заманауи демократияларда бұл жүкті бұқаралық ақпарат құралдары алып жүр. Сол себепті бұл мақсатта "Хабар" және "Қазақстан" арналарын қоғамдық телекорпорацияларға айналдыру қажет деп ойлаймын", - деді Байменов.
https://sputnik.kz/20220616/qoshanov-zhasandylyq-pen-pafos-25571491.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/10/25574026_149:0:1280:848_1920x0_80_0_0_695d03beb85767644b98ca07dd14a9ff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұсыныс, телеарна
Байменов отандық телеарналарды қоғамдық телекорпорацияларға айналдыруды ұсынды
15:21 16.06.2022 (жаңартылды: 12:36 09.08.2023) Сондай-ақ ол мемлекеттік тілде мәтін, видео, аудио өнімдерін аударғандарға субсидия беру жүйесін қамтитын мемлекеттік бағдарлама қабылдау қажет деп санайды
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов "Хабар" мен "Қазақстан" телеарналарын қоғамдық телекорпорацияға айналдыруды ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол жаһандану сынағына төтеп беру үшін жаңа технологияларды игерумен қатар ұлттық озық-дәстүрлерді сақтап, әлемге қазақтың көзімен, ұлттық мүдде тұрғысынан қарауға қол жеткізу қажет екенін атап өтті.
"Сондықтан қазақ тілінде және қазақ туралы заманауи формада ақпарат, білім, әдебиет көздерін қалыптастыру маңызды. Осы орайда құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың образын пайдаланатын компьютерлік ойындарға және комикстерге халықаралық бәйге жариялауды ұсынамын", - деді Байменов Ұлытауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында.
Айтуынша, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтумен қатар сөздік қорды жүйелі жаңғырту қажет.
"Бұл істе тіпті бір миллиондай ғана халқы бар Эстонияның да тәжірибесі пайдаға асар еді. Ол елде эстон тіліндегі жаңа сөздерге ұлттық бәйге жарияланып, онлайн дауыс берумен анықталатын жеңімпаздарды президент марапаттайды. Барлық салада мемлекеттік тілде мәтін, видео, аудио өнімдерін аударғандарға субсидия беру жүйесін және басқа да шараларды қамтитын "Ұлттық білім қоры" мемлекеттік бағдарламасын қабылдауды ұсынамын", - деді ол.
Байменов еститін мемлекет концепциясы толық жұмыс істеу үшін халықтың мұңы мен мұқтажы, даты мен даусы билікке арыз-шағымсыз жететін құрылтайдың басқа да жүйелері қажет екенін айтты.
"Заманауи демократияларда бұл жүкті бұқаралық ақпарат құралдары алып жүр. Сол себепті бұл мақсатта "Хабар" және "Қазақстан" арналарын қоғамдық телекорпорацияларға айналдыру қажет деп ойлаймын", - деді Байменов.