https://sputnik.kz/20220614/zhambyl-oblysynda-kopir-video-25521529.html
Жамбыл облысында көпір опырылып қалды – видео
Жамбыл облысында көпір опырылып қалды – видео
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін Қарабөгет ауылында саусақпен қопарылатын асфальттың видеосы тараған болатын 14.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-14T14:47+0500
2022-06-14T14:47+0500
2022-06-14T14:52+0500
оқиға
жамбыл облысы
көпір
https://sputnik.kz/img/22/87/228731_0:270:5184:3186_1920x0_80_0_0_eb27b9a7f34070708be4609141f505c7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Жамбыл облысындағы Қарабөгет ауылында көлік жүретін көпір опырып қалды. Желіде апаттық жағдайда тұрған нысанның видеосы тарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Видео авторының айтуынша, көпірдің мұндай жағдайда тұрғанына біраз уақыт болған. Бетон плиталардың арасы ашылып кеткен. Біреуі опырылып құлаған. "Үстінен қарасаң, асты көрінеді, астынан қарасаң, үсті көрінеді", - дейді автор. Мойынқұм ауданының әкімдігі ескі көпірде бір плитаның құлап кеткенін растады. Әкімнің орынбасары Жақсыбек Исақовтың айтуынша, көпірдің салынғанына 50 жылдан асып кетті. Келесі жылы күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу жоспарланған болатын. Қазіргі кезде жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр. "Қазір ол жақта жол салып жатыр. Солардың техникасы өткеннен бе, нақты білмеймін, көпірдің бір плитасын сынып, құлап кетті. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Қалай болғанын ешкім білмейді. Қазіргі кезде акт жасалып, көпірді толығымен жауып тастадық. Онсыз да тозығы жеткен", - деді Исақов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында. Оның сөзіне қарағанда, көпір жөнделгенше айналма жол болады. Оны жақын арада жасайды. Айта кетері, бұған дейін Қарабөгет ауылында саусақпен қопарылатын асфальттың видеосы тараған болатын.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/22/87/228731_288:0:4896:3456_1920x0_80_0_0_06192410e9274f87ae42fb129843b80b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, көпір
Жамбыл облысында көпір опырылып қалды – видео
14:47 14.06.2022 (жаңартылды: 14:52 14.06.2022) Бұған дейін Қарабөгет ауылында саусақпен қопарылатын асфальттың видеосы тараған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Жамбыл облысындағы Қарабөгет ауылында көлік жүретін көпір опырып қалды. Желіде апаттық жағдайда тұрған нысанның видеосы тарады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Видео авторының айтуынша, көпірдің мұндай жағдайда тұрғанына біраз уақыт болған. Бетон плиталардың арасы ашылып кеткен. Біреуі опырылып құлаған.
"Үстінен қарасаң, асты көрінеді, астынан қарасаң, үсті көрінеді", - дейді автор.
Мойынқұм ауданының әкімдігі ескі көпірде бір плитаның құлап кеткенін растады. Әкімнің орынбасары Жақсыбек Исақовтың айтуынша, көпірдің салынғанына 50 жылдан асып кетті. Келесі жылы күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу жоспарланған болатын. Қазіргі кезде жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр.
"Қазір ол жақта жол салып жатыр. Солардың техникасы өткеннен бе, нақты білмеймін, көпірдің бір плитасын сынып, құлап кетті. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Қалай болғанын ешкім білмейді. Қазіргі кезде акт жасалып, көпірді толығымен жауып тастадық. Онсыз да тозығы жеткен", - деді Исақов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Оның сөзіне қарағанда, көпір жөнделгенше айналма жол болады. Оны жақын арада жасайды.
"Бұл көпір келесі жылы жөнделеді. Қаражат бөлінгеннен кейін барлық жұмыс жасалады. Ауылдың кіреберіс жолы бар, оны да жөндейміз. Уақытша айналма жол болады. Соның қаражатын шұғыл қарап жатырмыз. Екі күнде бастаймыз", - деп атап көрсетті Исақов.
Айта кетері, бұған дейін Қарабөгет ауылында
саусақпен қопарылатын асфальттың видеосы тараған болатын.