https://sputnik.kz/20220610/asfalt-qolmen-qoparyp-tastagan-video-25448737.html
Асфальтты қолмен қопарып тастаған тұрғынға әкімдік жауап берді – видео
Асфальтты қолмен қопарып тастаған тұрғынға әкімдік жауап берді – видео
Sputnik Қазақстан
Бір-бір жарым айдан кейін төселген асфальттан сынама алынады 10.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-10T12:16+0500
2022-06-10T12:16+0500
2022-06-10T13:05+0500
өңірлер
асфальт
әкімдік
https://sputnik.kz/img/07e5/04/07/16722626_0:97:3297:1952_1920x0_80_0_0_baf70538da7d2dea6a9b65b59491907f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Мойынқұм ауданының әкімдігі желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Әлеуметтік желіде Жамбыл облысының Қарабөгет ауылында түсірілген видео тарап жүр. Авторы екі саусағымен асфальтты оп-оңай қопарып тастаған. Ауыл Мойынқұм ауданына қарайды.Sputnik Қазақстан тілшісі аудан әкімдігіне хабарласып, "қолмен алынатын асфальт" туралы сұрады.Әкімнің орынбасары Жақсыбек Исақовтың айтуынша, видеоға түсірілген жол жабындысы "салқын асфальт" деп аталады. Ол әлі қатпаған."Біздің ауданымызда асфальт зауыты жоқ. Инертті материал да жоқ. Ал елді мекендер бір-бірінен шалғай орналасқан. Бәрін Хантаудан және Шудан тасимыз. Ыстық асфальт таситын болсақ, қажетті жеріне жеткізгенше қатып қалады. Сол себепті "салқын асфальтты" қолданамыз. Қарабөгет ауылынан бастадық. "Салқын асфальттың" үстімен көлік жиі жүрсе, 20-25 күннің ішінде қалыптасып қатады. Ал көлік аз жүрсе, 40-45 күн керек. Тұрғындар жаңа салынған асфальтты қопарған ғой", - дейді Исақов. Оның сөзіне қарағанда, бір-бір жарым айдан кейін төселген асфальттан сынама алынады. Егер жол сапасыз деп танылса, мердігер қайтадан істейді. "Халық соны түсінбей жатыр. Алдында барып, жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Үстімен жүк көліктері жүрмесін, кілт тоқтауға болмайды дедік. Ақырын ғана жүру керек, жылдам айналып кетуге де болмайды. "Салқын асфальт" әлі қатқан жоқ", - деп атап көрсетті Исақов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/07/16722626_283:0:3014:2048_1920x0_80_0_0_f9acc6de4287eea3229fe7ddb258740d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
асфальт, әкімдік
Асфальтты қолмен қопарып тастаған тұрғынға әкімдік жауап берді – видео
12:16 10.06.2022 (жаңартылды: 13:05 10.06.2022) Бір-бір жарым айдан кейін төселген асфальттан сынама алынады
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Мойынқұм ауданының әкімдігі желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде Жамбыл облысының Қарабөгет ауылында түсірілген видео тарап жүр. Авторы екі саусағымен асфальтты оп-оңай қопарып тастаған. Ауыл Мойынқұм ауданына қарайды.
Sputnik Қазақстан тілшісі аудан әкімдігіне хабарласып, "қолмен алынатын асфальт" туралы сұрады.
Әкімнің орынбасары Жақсыбек Исақовтың айтуынша, видеоға түсірілген жол жабындысы "салқын асфальт" деп аталады. Ол әлі қатпаған.
"Біздің ауданымызда асфальт зауыты жоқ. Инертті материал да жоқ. Ал елді мекендер бір-бірінен шалғай орналасқан. Бәрін Хантаудан және Шудан тасимыз. Ыстық асфальт таситын болсақ, қажетті жеріне жеткізгенше қатып қалады. Сол себепті "салқын асфальтты" қолданамыз. Қарабөгет ауылынан бастадық. "Салқын асфальттың" үстімен көлік жиі жүрсе, 20-25 күннің ішінде қалыптасып қатады. Ал көлік аз жүрсе, 40-45 күн керек. Тұрғындар жаңа салынған асфальтты қопарған ғой", - дейді Исақов.
Оның сөзіне қарағанда, бір-бір жарым айдан кейін төселген асфальттан сынама алынады. Егер жол сапасыз деп танылса, мердігер қайтадан істейді.
"Халық соны түсінбей жатыр. Алдында барып, жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Үстімен жүк көліктері жүрмесін, кілт тоқтауға болмайды дедік. Ақырын ғана жүру керек, жылдам айналып кетуге де болмайды. "Салқын асфальт" әлі қатқан жоқ", - деп атап көрсетті Исақов.