https://sputnik.kz/20220614/salafizm-ministr-sayasat-nurbek-25514593.html
Салафизмге ешқандай қатысым жоқ – министр Саясат Нұрбек
Салафизмге ешқандай қатысым жоқ – министр Саясат Нұрбек
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Жаңадан құрылған ғылым және жоғары білім министрлігінің басшысы Саясат Нұрбек әлеуметтік желіде таралған қауесеттерге жауап... 14.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-14T10:58+0500
2022-06-14T10:58+0500
2022-06-14T11:05+0500
салафиттер
саясат нұрбек
https://sputnik.kz/img/1233/91/12339118_0:0:2031:1143_1920x0_80_0_0_9bfd3948ebaf425a1238efc35bd3f42c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Жаңадан құрылған ғылым және жоғары білім министрлігінің басшысы Саясат Нұрбек әлеуметтік желіде таралған қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Сізді әлеуметтік желіде жат ағымдармен байланыстырғандар болды. Нақтырақ айтқанда, салафизммен. Бекболат Тілеуханмен бірге түскен суретіңізді жариялап, сіз туралы түрлі әңгіме тарады. Діни көзқарасыңызды ашық айтыңызшы?" деп сұрады журналистер үкімет кулуарында министрден.Ол Бекболат Тілеуханды өнері үшін сыйлайтынын атап өтті."Мыңдаған жастарымыз Бекболат ағамызбен суретке түскен шығар. Олардың бәрі салафит деп айтуға болмайды. Бекболат Тілеухан, ең бірінші, біздің ағамыз, ақын, өнер адамы. Сол себепті мен ол кісіні ақындығы үшін, өнері үшін, ал ағалығы үшін құрметтеймін, қадірлеймін", - деді ғылым министрі. 11 маусымда білім және ғылым министрлігі екі ведомствоға бөлінді. Президент жарлығымен Асхат Аймағамбетов оқу-ағарту министрі болып, ал Саясат Нұрбек ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды.
https://sputnik.kz/20220614/ministr-sayasat-nurbek-ant-25510657.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1233/91/12339118_117:0:1922:1354_1920x0_80_0_0_203355f40b8bc532533efe40fdd5ac84.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салафиттер, саясат нұрбек
салафиттер, саясат нұрбек
Салафизмге ешқандай қатысым жоқ – министр Саясат Нұрбек
10:58 14.06.2022 (жаңартылды: 11:05 14.06.2022) НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Жаңадан құрылған ғылым және жоғары білім министрлігінің басшысы Саясат Нұрбек әлеуметтік желіде таралған қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Сізді әлеуметтік желіде жат ағымдармен байланыстырғандар болды. Нақтырақ айтқанда, салафизммен. Бекболат Тілеуханмен бірге түскен суретіңізді жариялап, сіз туралы түрлі әңгіме тарады. Діни көзқарасыңызды ашық айтыңызшы?" деп сұрады журналистер үкімет кулуарында министрден.
"Мен, Құдайға шүкір, мұсылманмын. Салафизмге ешқандай қатысым жоқ. Білесіздер, мен атам мен әжемнің қолында өстім. Менің атам Нұрбек деген кісі, Семей қаласында имам, молда болды. Сондықтан кішкентай кезінен мен дінге, исламға жақын адаммын. Бірақ ешқандай радикалды ағымдарға, секталарға, салафизмге қатысым жоқ. Оны ашық түрде айтуға болады", - деп жауап берді Нұрбек.
Ол Бекболат Тілеуханды өнері үшін сыйлайтынын атап өтті.
"Мыңдаған жастарымыз Бекболат ағамызбен суретке түскен шығар. Олардың бәрі салафит деп айтуға болмайды. Бекболат Тілеухан, ең бірінші, біздің ағамыз, ақын, өнер адамы. Сол себепті мен ол кісіні ақындығы үшін, өнері үшін, ал ағалығы үшін құрметтеймін, қадірлеймін", - деді ғылым министрі.
11 маусымда білім және ғылым министрлігі екі ведомствоға бөлінді. Президент жарлығымен Асхат Аймағамбетов оқу-ағарту министрі болып, ал Саясат Нұрбек ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды.