Өңірлер

Қарағандыда қылмыстық топ мүшелері құрықталды - видео

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы Кісен
Кісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2022
Жазылу
Қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
АЛМАТЫ, 14 маусым – Sputnik. Қарағанды полицейлері қылмыстық топтан 198 келі марихуана тәркіледі, деп хабарлады Polisia.kz.
Марихуананың ірі партиясын облыс орталығына жеткізудің алдын алу бағытында облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция жүргізді. Жедел шаралар барысында полицейлер ірі көлемде есірткі заттарын тасымалдап жүрген Жамбыл облысының тұрғындарын анықтады.
"12 маусымда республикалық “Қарасора-2022” жедел алдын алу шарасы аясында есірткі заттарын сақтап, тасымалдады деген күдікпен 34, 39 және 56 жастағы Жамбыл облысының үш тұрғыны ұсталды. Олардан 6 миллион 435 мың теңге ақша, сегіз қапқа салынған өсімдік тектес зат тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, оның 198 келі кептірілген марихуана есірткі заты екені белгілі болды", – деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Бауыржан Миссалимов.
Ведомство мәліметінше, полиция қызметкерлері кеше, 13 маусым кешкі уақытта Алматы және Тараз қалаларынан осы қылмыстық топтың тағы да үш адамын ұстаған. Күдіктілерден Range Rover, Lexus автокөліктері мен қару тәркіленді.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-тармағы ("Есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
жігіт - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2021
Өңірлер
Есірткіге мас болған: Шымкентте полиция жүрісі күдік тудырған көлікті тоқтатты
Жаңалықтар
0