Өңірлер

Есірткіге мас болған: Шымкентте полиция жүрісі күдік тудырған көлікті тоқтатты

© Photo : pixabay.comжігіт
жігіт - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2021
Жазылу
Патрульдік полиция полкі қызметкерлерінің назарына алдыңғы шамдарын жақпай келе жатқан жүргізуші іліккен

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Шымкент қаласы тұрғынының есірткіге мас күйде көлік жүргізгені анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы патрульдік полиция полкі қызметкерлері қызмет атқару барысында күмән тудырып, алдыңғы шамдарын жақпаған жүргізушіні тоқтатқан.

Mercedes маркалы көліктің жүргізушісі тоқтаған сәтте тәртіп сақшылары өзін таныстырып, мән-жайды сұрастырған. Алайда жүргізуші есірткіге ұқсас затты пайдалану салдарынан масаң күйде болғаны анықталған.

Осыған байланысты медициналық сараптама тағайындалып, ол арнайы қабылдау орнына жеткізілді. 

Жүргізушіге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0